e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
"Анаға деген құрметпен"
07 Нау, 16:20

Ынтымақ негізгі мектебі де өз елінің көп балалы, ардақты аналарын құттықтады. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының, бақыттың керегі жоқ. Балалардың аналарына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, мейірімді бола білуге үйрету мақсатында «Анаға деген құрметпен» атты мерекелік іс-шара 7-наурыз күні «Асыл мұра» клубымен бірлесіп жүргізілді. Шара мектебіміздің директоры Алма Сәдірқызының құттықтауымен басталды. Ардақты аналарымызға арнайы сый-құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды. Артынша мерекелік концертпен жалғасты.