e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда142402
Бір айда14073
Бір аптада3410
Кеше618
Тәулік107
Температура режимі
Рухани Жаңғыру кабинетінің салтанатты ашылуы
06 Қар, 15:19

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5 қараша күні Ертіс ауданының Северный ЖОББ мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне аудан әкімі                    А. У. Бейсекин, педагогикалық еңбек ардагері Н.Н. Бовшик қатысты.

«Рухани Жаңғыру» кабинетінің жұмысы өскелең ұрпақты Отан патриоттары ретінде қазақ халқына деген сүйіспеншілік пен адалдық,  мәдениеті, салт-дәстүрі, толеранттық және бейбітшілік негізінде,  өзін-өзі жетілдіруге бағыттайды.Сонымен қатар, кабинет ұлы ата-бабаларымыздың тарихы туралы білімінің қайнар көзі ғана емес, болашаққа бағдар жолы болып табылады. Бұл кабинетте тарих, география сабақтары, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, танымдық шаралар өтеді.

Жаңадан ашылған «Рухани жаңғыру» кабинеті жас ұрпақты тарихи мұраны сақтауға, туған жерге, оның мәдениетіне ерекше көзқарастарын қалыптастыруға, тұрғындардың рухани байлығын арттыруға, болашақ ұрпаққа өз халқының тарихын білуге әсерін тигізеді.