Тәуелсіз ел болып, егемендігімізді алғанымызға, Қазақ елі болып бөлек шаңырақ көтергенімізге өз алдымызға мемлекет болғанымызға 30 жыл толып отыр. Осындай азаттықтың көк аспаны астында бейбіт өмір сүргеніміз Қазақ батырлары мен қайсар жастарымыздың арқасында. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы әрбір қазақстандыққа салиқалы ой, келешек ұрпаққа мақсат, міндет қойды. XXI ғасыр -білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілеттерін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" деген. Ендеше, біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Панфилов ЖОББМ-нің мұғалімі Гульзия Құдайбергенқызы Какиева.
"Тәуелсіздік бәрінен қымбат"
11 Қаң, 23:49
