e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда163317
Бір айда17542
Бір аптада3409
Кеше524
Тәулік159
Температура режимі
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы
01 Ақп, 18:38

      Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы игі дәстүрмен биыл да өз жалғасын табуда. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.  Акция барысында №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінде мектепішілік бұйрық шығарылып, айлық жұмыс жоспары құрылды. Жоспар негізінде бекітілген мөлтекаудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмысы қолайсыз отбасылардың үйлері араланды.23 қаңтар күні 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қайырымдылық» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеден жиналған қаражатқа әлеуметтік көмекке мұқтаж болған отбасы балаларына көмек көрсетілді. Акция барысында мектеп ұжымы да сыртта қалмай, ақшалай көмектерін көрсетті. Бұл қаражатқа балаларға қысқы күртешелер және аяқ киім әперілді. Жалпы акция барысында көптеген отбасылар азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз етілді. Акция әлі де жалғасуда. Баршаңызды қол ұшын аямай, осы акцияға атсалысуға шақырамыз.