Аудандық білім бөлімі Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Әке мен бала бір қатарда» әскери қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өткізді.
Спорттық-патриоттық шараға аудандағы 8 мектептен 8 әкелер мен ұлдар командасы қатысты. Қатысушылар автомат құрастыру және бөлшектеу, пневматикалық винтовкадан ату, қорғаныс жинағын кию және арқан тарту түрлері бойынша жарысты.
Қорытынды бойынша бірінші орынды №2 Ертіс орта мектебінің «Жауынгер» командасы, Қоңырбаевтар отбасы, екінші орынды Амангелді мектебінің «Болашақ» командасы, Нұрғалиевтер отбасы, үшінші орынды Қызылжар мектебінің «Жалын» командасы, Парыгиндер отбасылары алды.
Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды аудан әкімі А. У.Бейсекин құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Іс-шараның барлық қатысушыларын құттықтаймыз!
«Әке мен бала бір қатарда»
04 Мамыр, 12:31
