Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда84142
Бір айда4568
Бір аптада1510
Кеше244
Тәулік186
Температура режимі
"Тәуелсіздік ұланы"
24 Жел, 18:12
2021 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Павлодар облысының әкімдігі талантты және дарынды балаларды қолдау үшін осы сыйлықты алғаш рет тағайындады.
 
Байқау бес номинация бойынша бірнеше кезеңде өткізілді: I кезең – білім беру ұйымдары деңгейінде, II кезең – қалалар мен аудандар деңгейінде, III кезең – облыстық (қорытынды).
 
«Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі» номинациясында біздің ауданның балалары Айдана Иманберлинова (№1 Ертіс ЖОББМ), Данил Красхенинников (Ұзынсу ЖОББМ), Даяна Канагатова (Ұзынсу ЖОББМ), Фатима Инсебаева (Шоқан Уәлиханов атындағы ЖОББМ), Жансұлы Ұзақбай (№4 Ертіс ЖОББМ) марапатталды.
 
Осы сыйлық иегерлері төсбелгімен марапатталып, 145800 теңге көлемінде біржолғы сыйақы алады.
 
Лауреаттарды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!