Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда86802
Бір айда8421
Бір аптада1920
Кеше161
Тәулік37
Температура режимі
«Әскер-әліміз, армия – абыройымыз!»
28 Сәу, 17:53

Северныйорта мектебінің басым бағыттарының бірі-оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру болып табылады.Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында,қазақстандық патриотизге тәрбиелеу мен әскери мамандықтарды насихаттау мақсатында мектебіміздің мұғалімдері  Г.Ж.Аулабаева мен Б.Б.Жакупова «Әскер-әліміз, армия – абыройымыз!» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.  Оған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы майор А.С.Баймуса, «Ертіс» шекара заставасының басшысы Қ.Қ.Сәбитбек, шекара катерлерінің командирі М.А.Қадырбаев, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А.Т.Садыкова, әдіскер Ж.Б.Капезов қатысты, сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимінде «Қазақ  ұлттық-мәдени орталығы» аймақтық қоғамдық ұйымының президенті, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Омбы облысындағы көмекшісі Ж.С.Бекмогамбетов, Ресей Батыры Дмитрий Сергеевич Перминовта қатысты.

Салтанатты ашудан кейін біз Ресей Федерациясынан келген қонақтардың бейне үндеуін тыңдадық. Ресей Батыры Д.С.Перминов және Ж.С.Бекмогамбетов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына сәйкес келетін біздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыз шекаралас аймақтардағы жастарға патриоттық және ұлтаралық тәрбие берудің инновациялық тәсілдерінің бірі ретінде қызмет ететіндігін атап өтті. Олар екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақстандықтардың ерлігі туралы әңгімеледі. «Есте сақтайтын жерде ұрпақ сабақтастығы, елге, оның тарихына, оның батырларына деген құрмет бар», - деп атап өтті Дмитрий Сергеевич.

Содан кейін сөз "дөңгелек үстелге" қатысқан қонақтарға берілді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы А.С.Баймуса Қазақстанның мықты және мобильді әскері бар екендігі туралы, әскери қызметтің беделі туралы, әскери мамандық көшбасшы қасиеттерін қалай қалыптастыратыны туралы айтты. «Ертіс» шекара заставасының басшысы Қ.Қ.Сәбитбек Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарында қызмет ету, әскери адам болу - өмірде орын алу мүмкіндігі екенін атап өтті. Қонақтар өз сөздерінде әскери мамандықтарды насихаттады.

«Отан», «ар-намыс», «парыз» сияқты қасиетті ұғымдардың қазақ үшін де, орыс әскері үшін де бірлігі мен маңыздылығына назар аударылды. Әскери қонақтар МТ (Макаров тапаншасын) жинау мен бөлшектеудің практикалық дағдыларын, өзін-өзі қорғау түрлерін, қоян-қолтық ұрыс көрсетті, ал біздіңмектептің оқушылары, «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жиын қатысушылары К.Мустакимова мен Д.Серік оларды әскери спорттағы жоғары шеберлігімен таң қалдырды. Бұл жерде бірлескен қажырлы еңбектің, әскери мамандыққа дұрыс бағыт берудің арқасында оқушыларымыз жыл сайын әскери оқу орындарын таңдап, оқуға түсетіндігін атап өткен жөн.

Іс-шарадағы бірінші бөлімінің соңында оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында, Северный мектебінің оқушылары мен Омбы қаласындағы №107 мектеп оқушылары онлайн-форматтағы әскери-патриоттық әндерді орындады.

Іс-шараның екінші бөлігінде экологиялық акция аясында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Даңқ аллеясын» төсеп, оқушылар мен қонақтар 76-дан астам қайыңдар мен қарағайлардың көшеттері отырғызылды.