Оқуға деген әдетті қалыптастыру, эмоциялық зиятты, оқырмандық талғамды, мәтінді терең түсіну негізінде мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, сонымен қатар шығармалармен танысу арқылы балалардың оқырмандық ой-өрісін кеңейту мақсатында білім бөлімі 2021 жылғы 17 наурызда аудан мектептерінде READx форматында оқылған кітаптар бойынша пікірталастар өткізді.
«READx» - бұл кітап және кітап оқумен бөлісуге, тыңдауға және шабыттандыруға арналған алаң! Формат кітап оқуды ілгерілетудің дәстүрлі және заманауи тәсілдерін – оқырман бенефисін және TEDx іс-шарасын біріктіреді.
Әр мектепте кездесуге 5 спикер қатысты – бұл оқушылар, мұғалімдер, қонақтар және ата-аналар. Спикерлер ұсынған кітаптар жеке көрмелерде көрсетілді.
READx форматында оқылған кітаптар бойынша пікірталастар
01 Сәу, 13:00
