Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда98004
Бір айда5751
Бір аптада1333
Кеше340
Тәулік24
Температура режимі
Марапаттау рәсімі
20 Жел, 15:08

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасының «Ел үміті» бастамасы шеңберінде өткізілетін «Мың бала» ұлттық олимпиадасының 5 жүлдегері мен «Елбасы медалі» белгісінің 2 иегерін марапаттау рәсімі өтті. Оқушылар облыс әкімдігімен онлайн-трансляцияға қатысты.
«Мың бала» олимпиадасының басты мақсаты ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін дамыту және қолдау болып табылады.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
Екі іріктеу турының және олимпиаданың шекті кезеңінің қорытындысы бойынша 5 оқушы жеңімпаз атанды: Салтанат Абдрахманова (Майқоңыр мектебінің 7 сынып оқушысы), Жансая Жакупова және  Мадина Бакирова (Ұзынсу мектебінің 6 сынып оқушылары), Полина Кириченко (№4 Ертіс мектебінің 6 сынып оқушысы)  Зухра Есенова (Ағашорын мектебінің 6 сынып оқушысы). Барлық оқушылар бастауыш сыныптардан бастап, «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық байқауының облыстық кезеңдерінің белсенді қатысушылары және жүлдегерлері, математика пәні бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары, «Bala business» атты облыстық байқауының жүлдегерлері.
Елбасының қола медалінің иегерлері: Амина Сагандыкова (Қосағаш мектебі)  және Анна  Шаройко (№4 Ертіс мектебі) болды.
Амина Сагандыкова облыстық және республикалық конкурстардың белсенді қатысушысы болып табылады: «Алтын күз» атты республикалық балалар конкурсының Гран-при иегері, «Абай оқулары» облыстық конкурсының жүлдегері, «Болашақ жұлдыз» атты республикалық байқаудың гран-при жүлдегері, «Astana grand – prix» 7 халықаралық фестивалінің екінші дәрежелі лауреаты, «Арайлы алтын күз» бірінші дәрежелі дипломы.
Сонымен қатар, Анна Шаройко түрлі іс-шаралардың белсенді қатысушысы: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша аудандық олимпиаданың жүлдегері, «Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық байқауының жүлдегері, жеңіл атлетикадан аудандық спартакиада  жүлдегері, сонымен қатар «Алтын белгі» төсбелгісінің үміткері.