Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда98008
Бір айда5755
Бір аптада1337
Кеше340
Тәулік28
Температура режимі
«Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төсбелгісінің иесі
11 Жел, 20:38

Биылғы жылы Павлодар облысының тарихында алғаш рет облыс әкімдігі «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төсбелгісін тағайындады. Марапат 1000 АЕК мөлшеріндегі сыйақымен бекітілген.

Тәуелсіздік күні қарсаңында аталмыш марапатқа Абай мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынар Каиргельдиновна Уатаева ие болды.

Облыс әкімінің атынан «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі және 2 млн 778 мың теңге сомасындағы сертификат аудан әкімдігінде онлайн режимінде табыс етілді.

Шынар Каиргельдиновна - ауданымыздың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерінің бірі. Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі. Абай мектебінде 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұғалім өз пәнін жақсы көреді және бұл сүйіспеншілікті оқушыларына табыс етеді. Шынар Каиргельдиновнаның сабақтарында алған білімдерінің арқасында оқушылар облыстық және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың және байқаулардың жеңімпаздары атанады.

Облыстық байқауда педагогтіңжеңісі басқа мұғалімдері үшін ынталандыру және келесі жолы жеңімпаздарымыз көп болады деген үміттеміз!