Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда103927
Бір айда9484
Бір аптада2092
Кеше333
Тәулік163
Температура режимі
Армандар орындалады
02 Қар, 10:10

Қамқоршылар күні - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуді өз мойнына алған адамдар үшін ерекше мереке.
Қорғаншылар мен қамқоршыларға балаларды аялы алақаныңызға салып жүрегіңіздің бір бөлігін бергеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Білім беру бөлімінің бастамасымен Ертіс ауданында алғаш рет «Қамқоршылар күнін» мерекелеу құрметіне «Армандар орындалады» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Бұл акцияның мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.
Ауданда патронаттық және қамқоршылар отбасыларында 28 бала, мектепке дейінгі және мектеп жасында 23 бала тәрбиеленуде.
Жаңашыр ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерінің арқасында балалардың аңсаған армандары орындалды! Балалардың арманы велосипед, біреулері ұялы телефон алғысы келсе, ал кішкентайлар, әрине, әдемі ойыншықтар.
​Армандары орындалған балалардың атынан "TABYS POWER CONSTRUCTION" ЖШС (басшы О. Б.Шарапиденов), "Темирсу" ЖШС (басшы Б.Р.Қажмұратова), «Энергостройсервис ПВ» ЖШС (басшы С.Е.Катиев), ЖК «Рахимов» (басшы Ж.Т.Рахимов), «Өрлеу» ЖШС (басшы Б.К. Аубакиров.), «Монолит» ЖШС (басшы Д.К. Садвакасов), «Замандас» ШҚ (басшы Д. Б. Бакишев), «Данат» ШҚ ( басшы Д. Е.Сайдахметов.), «Енбек»ШҚ (басшы Е. К.Байгазинов), «МҚҰ «KMF» ұжымы (басшы Н.Н.Смаилов), аудан кәсіпкерлері Сайлау Шаймарданович Уразбаев, Сагынбай Бекенович Уабов, Куралай Кулановна Кажанова, Асан Саттарович Сапаргалиев, Амангельды Талапкерович пен Аспандияр Талапкерович Бейсембиновтар, Геннадий Сергеевич Малышев, Мурат Каиргельдинович Абдалинов, Ерлан Жакенович Кенжетаев, Гульнар Талапкеровна Касымова, Ольга Рудольфовна Тыщенкоға, Зульфия Жаксылыковна Кивашева, Аудандық прокуратура, Полиция бөлімі, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат және мәдениет бөлімдері, Панфилов ауылдық округінің әкімдігіне, Иса Байзақов атындағы мектебінің ұжымына, осыншама жанашыр жандарға алғыс айтқымыз келеді. Жалпы 1 млн. астам соммаға көмек көрсетілді.