Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда108787
Бір айда10091
Бір аптада2419
Кеше173
Тәулік532
Температура режимі
Облыстық онлайн-турнир
18 Қыр, 11:22

        2020 жылғы 7 қыркүйекте  облыстық  білім беру басқармасының өңірлік оқу-практикалық дене шынықтыру орталығы ұлдар мен қыздар арасында теннис добын соғу және жонглерлік ету техникасы бойынша облыстық онлайн-турнир өткізді.

      Үстел теннисі бойынша  онлайн-турнирге «Балалар шығармашылық және бос уақытты қамту  орталығының» спорт тобының оқушылары белсене қатысты. Турнирге 11-13, 14-16, 17-18 жас аралығындағы топтар өнер көрсетті. Турнирдің шарты - үстел теннисінен өз ептіліктерін және спорттық дайындығын көрсету.

- теннис ракеткасының ішкі жағымен 30 секунд ішінде жонглерлік ету;

- теннис ракеткасының сыртқы жағымен 30 секунд ішінде жонглерлік ету;     - теннис ракеткасының ішкі және сыртқы жағымен 30 секунд ішінде жонглерлік ету;

- 30 секунд ішінде  қабырғадан кері серпіліспен соғу.

      Онлайн-турнирдің қорытындылары бойынша 11-13 жас санатында қыздар арасында 1 орынды Алексеева Алиса, 11-13 жас санатында ұлдар арасында 2 орынды Джунусов Алихан иеленді.

      14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 2 орынды Алексеев Никита; 3 орынды Женченко Антон иеленді.

       17-18 жас аралығында жасөспірімдер арасында 1 орынды Калимарданов Мәдениет, 3 орынды Борисенко Максим иеленді.

     Барлық қатысушылар Қосағаш мектебінің оқушылары «Балалар шығармашылық және бос уақытты қамту орталығы» үстел теннисі бойынша спорт тобында жаттығады.

     Облыстық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар облысы білім Басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.