Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда108787
Бір айда10091
Бір аптада2419
Кеше173
Тәулік532
Температура режимі
«Жас сарбаз» қашықтық әскери-спорттық лагері
25 Там, 16:01

Шекарада тұру жағдайында оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру Северный ЖОББМ –нің басты бағыттардың бірі болып табылады. Сол себептен  оқушылардың жазғы демалыстарын өнімді өткізу аясында «Жас сарбаз» қашықтық әскери-спорттық лагерь ұйымдастырылды. Көздеген басты мақсаты: оқушыларға әскери қызметті насихаттау, Отанға адал қызмет етуге сүйіспеншілікті арттыру. Северный ауылдың Ертіс өзені бойындағы географиялық орналасуын ескере отырып, лагерь жетекшілері  дене шынықтыру мұғалімі Базаргельдинов Асылмұрат Б., АӘД пәнінің мұғалімі Утебаев Нұрлан А.спорт нұсқаушысы Мақышев Болат Қ.  Ресей шекаралық мектептерінің, Омбы кадет корпусының шәкірттерін, ауданымыздың Ертіс өзені бойындағы көршілес мектептер оқушыларын қатыстырды.

Екі апта бойы оқушылар өздерінің әскери білімдерін,  спорттық шеберлігін, төзімділігін практикалық түрде көрсете білді. Атап өтсек, «Кедергілермен жүгіру», жерде қолды бүгіп жазу, турникте тартылу, биікке секіру, граната лақтыру, винтовкамен атуда оқушылар белсенділік танытты. Сонымен қоса,  шекаралық қызметтің ерекшеліктерін, қиыншылықтары мен қызық сәттерін жас өспірімдерге мектебімізбен тығыз байланыста жұмыс істеп жүрген «Ертіс» шекаралық застава  әскери қызметкерлері түрлі шараларды өткізіп жеткізді. Мысалы,  Кинолог Кусаинов Қ.Ф. Альфа атты әскери иттің көмегімен  шекара бұзушыны ұстау әдістерін көрсетті.

 Ал Омбы қаласының кадет корпусының шәкірттері өздерінің әскери дайындықтарын үлкен шеберлікпен танытты.

Жас ұрпақ жаңа қарым-қатынас әлеміне кіруде. Туған жердің рухани қазынасы берік, дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа тараса ауылдағы мектеп бұл қолайлы жағдайларды тәрбие үдерісінде қолданады. Бұл өткізілген маңызды бастамамыз келешекте нағыз патриоттарды тәрбиелеуде өз жемістерін беретінін нақты сенімдеміз.