Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда108666
Бір айда3186
Бір аптада417
Кеше131
Тәулік14
Температура режимі
"Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес"
11 Мау, 10:43

Ертіс ауданының білім беру мекемелерімен "Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн"  ұлттық ақпараттық кампаниясын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес белгілі жұмыстар жүргізілуде. Ауданның барлық мектептерінде 1 маусым күні " Балалар еңбегін қанауға қарсы – Жоқ!" ұранымен акция басталды. Осы акция шеңберінде сынып жетекшілері "WhatsApp" чаттарында отбасылық құндылықтар туралы бейнероликтер шығарды, Северный мектепте мектеп инспекторы Утебаев Нұрлан Арыстанұлы тікелей эфир өткізді,онда ол оқушыларды баланың құқығын қорғайтын негізгі заңды актілермен таныстырды. 8 күн ішінде "Балалар еңбегінің ең нашар түрлері" атты тренинг өткізілді, оған құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдер қатысты. "Бақытты балалық шақ", "Түрлі-түсті арман" суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Онлайн режимде «Балалар еңбегі.  Барлығы "қолдаймын" және  "қарсы" тақырыбына дөңгелек үстелдер, "Мен және менің құқығым" зияткерлік ойыны, 5-9 сынып оқушылары арасында "Сен және сенің құқығың" тақырыбында шығармалар сайысы өткізілді."Құқық негіздері" пәнінің мұғалімдері 5 маусым күні мектеп инстаграмының тікелей эфирінде "Сен өз құқығыңды білесің бе?" атты диспут өткізді. Мектеп кітапханашыларымен "Отбасындағы бала құқығы", "Сен және сенің құқығың" тақырыбында онлайн көрмелер ұйымдастырылып, инстаграм мен фейсбук әлеуметтік желілерінде " Балалар еңбегін қанауға қарсы – Жоқ!" медиакөрме жарияланды. Балалар еңбегін қанау фактілерін анықтау мақсатында ШҚ, ЖШС бойынша рейдтер жүргізілді. Іс-шара барысында балалар еңбегін қанау анықталған жоқ. Мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде Instagram және фейсбук "Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық кампаниясы туралы ақпарат орналастырылған. 9 маусымда "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық кампаниясы аясында 1-9 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы онлайн режимінде өтті, онда бала құқықтары туралы ҚР заңнамалық актілерінің нормаларын, кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 1 маусымнан бастап сынып жетекшілері "WhatsApp" чаттарында отбасылық құндылықтар туралы бейнероликтерді іске қосты. Рейдтер жүргізу барысында, балалар еңбегін қанау анықталған жоқ.

 

10 маусымда мектеп сайтында, Instagram және фейсбук әлеуметтік желілерінде "Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн " Ұлттық ақпараттық кампаниясы туралы ақпарат орналастырылған.

 

Балалар еңбегін қанау фактілерін анықтау мақсатында ШҚ, ЖШС бойынша рейдтер жүргізілді. Іс-шара барысында балалар еңбегін қанау анықталған жоқ.