e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда126473
Бір айда6851
Бір аптада1771
Кеше151
Тәулік65
Температура режимі
Аудандық Абай оқулары
06 Нау, 11:34

2020 жылы 5 наурыз күні № 4 Ертіс жалпы орта білім беретін  мектебі негізінде Абай  Құнанбаев және Шәкәрімнің шығармаларын насихаттау мақсатында аудандық  Абай оқулары өткізілді. Байқауға  ауданның  52 оқушысы  қатысты. Оқулардың өткізу  жаңа Ережесі  бойынша  байқау алты бағыт  бойынша  өткізілді, биыл «Қара сөздері», «Абайдың шәкірттерінің шығармалары» атты номинациялар қосылды. Байқауды қорыта келе, әр номинация бойынша ең мықтылары  11 наурызда  облыстық оқуларында  аудан намысын қорғайды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы...» - Абай мен Шәкәрімнің шығармаларын жатқа оқу конкурсында  50 өлең жаттап келген М.Горький  орта мектебінің 8 сынып  оқушысы  Қасым Тәттігүл бірінші орынға ие болды. «Көңілім әнді»  ұғады» атты музыкалық конкурсында Қосағаш орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сағындықова Амина бас жүлдеге ие болды
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсында өз шығармаларын орындап, Бірлік негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Абильмахимова Жанерке жеңімпаз аттанды.
«Абайдың қара сөздері» бағытында облыстық байқауға жолдама алған  Қарақұдық  орта мектебінің  11 сынып оқушысы Хымбат Хулын. «Ұлылар әлемі» атты номинациясы, эссе жазуында №2Ертіс ЖОББМ мектебінің 10 сынып оқушысы Асылхан Аяжанға  тең болган жоқ.
Барлық жүлделі орындар алған оқушылар білім бөлімінің марапаттау қағаздармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.