e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда127644
Бір айда12032
Бір аптада2257
Кеше197
Тәулік340
Температура режимі
Ертіс ауданында алғашқы ІТ олимпиадасы өтті
13 Ақп, 09:07

Ең дарынды жас бағдарламашылар 2020 жылдың 12 ақпанында "YOUNG PROGRAMMER" алғашқы аудандық олимпиадасына қатысты.

Олимпиада 6-10 сынып оқушылары арасында өткізіліп, өз білімдерін іс жүзінде көрсете алды. Қазылар алқасы құрамы: Е. С. Байкенов ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі басшы орынбасары, М. К. Манапов Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі, К.И.Солтаналинов М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының "Робототехника" үйірмесінің жетекшісі.

Білім бөлімінің басшысы С. Қ. Қадірова білікті қазылар алқасына алғыс білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

Scratch " номинациясында»:

І орын-Абай орта мектебінің 6 сынып оқушысы Екатерина Побегай,

ІІ орын- №3 Ертіс орта мектебінің 7 сынып оқушысы Максим Пахомов,

ІІІ орын- №2 Ертіс орта мектебінің 7 сынып оқушысы Оразалы Жастілек.

"Робототехника" номинациясында»:

І орын-№2 Ертіс орта мектебінің 9 сынып оқушысы Наргиз Усаханова,

ІІ орын- №3 Ертіс орта мектебінің 8 сынып оқушысы Виктор Диль,

ІІІ орын- Абай орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нариман Құдайбергенов.

"3D-модельдеу" номинациясы»:

І орын-№2 Ертіс  орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шыңғыс Бекниязов,

ІІ орын - Ағашорын орта мектебінің 10 сынып оқушысы Райымбек Игликов,

ІІІ орын - Ағашорын орта мектебінің 9 сынып оқушысы Алімбек Амангелдинов.

Сондай-ақ аудан әкімінің арнайы сыйлығының иегерлері: Қызылжар орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ильяс Құдияр, №2 Ертіс  орта мектебінің 9 сынып оқушысы Думан Теміргалиев, №4 Ертіс  орта мектебінің 7 сынып оқушысы Асанәлі Жанаберді. Жас бағдарламашыларға әлемдегі ең ірі технополис - АҚШ Силикон алқабына сапар сертификаттары табыс етілді.

Баршаңызды қол жеткен табыстарыңызбен құттықтаймыз!