e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда145907
Бір айда8168
Бір аптада2205
Кеше195
Тәулік123
Температура режимі
Домбыра кабинетінің ашылуы
02 Қыр, 09:46

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында, №4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебіндеоқушылардың ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттыру  үшін 1 қыркүйек күні заманауи домбыра кабинетінің салтанатты  ашылу рәсімі өткізілді. Былтырғы оқу жылының қорытыындысы бойынша біздің мектеп 3 млн. тенге грантына ие болды. Оның 1,5 млн. тенгесі домбыра сыныбының ашылуына жұмсалды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Павлодлар облысының Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы және аудан әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин қатысты.

Тұсау кесер рәсімінен кейін құттықтау сөз Білім басқармасының басшысы мен аудан әкіміне берілді, олар жылы лебіздерін білідіріп әрқайсысы оқушыларға домбыра сыйлады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы  Хамза Зейнешұылы Зейнешев балаларға бата  берді.

Домбыра үйірмесінің жетекшісі Вадим Викторович  Борисов қазіргі уақытта 12 оқушы үйірмеге жазылғаны туралы айтты. Үйірме өз жұмысын 2 -қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

Мектеп директоры Ақтан Ұзақбайұлы Сұрағанов Білім басқармасы мен аудан әкіміне кабинеттің ашылу рәсіміне қатысып, домбыра сыныбына жасаған сыйлықтары үшін алғысыне білдіріп, алдағы уақытта оқушылар жоғары жетістіктерге жетуіне сенімді екенін айтты.