e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда141873
Бір айда9972
Бір аптада2092
Кеше411
Тәулік24
Температура режимі
«Шоқан жолы» экспедициясы
25 Мау, 11:31

Жазғы демалыс және балларды жұмыспен қамту бағдарламасының аясында «Шоқан жолы» экспедициясы Северный-Омбы-Семей-Северный маршруты бойынша жолға шықты.

23 маусым күні экспедиция Омбы қаласында тоқтап, 1947-1953 жылдары Шоқан Уәлиханов оқыған Омбы Кадет әскери корпусына барды. Мұражайда балалар Омбы казак әскери училищесінен Омбы кадеттік әскери корпусына дейінгі 206 жыл оқу орнының білім беру тарихымен танысты. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында мектептің негізіндегі қалыптасқан жауынгерлік жолды көре алды, кадеттер корпусының жауынгерлік дайындығы мен балаларға ерекше қызығушылығын тудырды, біздің жерлесіміз, ұлы көшбасшы Шоқан Уәлихановқа арналған стеллаж. Кейін баллар оқу кабинеттер, спорттық залдар және демалыс бөлмелерді қарап шықты.

Қол қойлған ынтымақтастық Меморандумы негізінде «Бір күн қалада»-«Бір күн ауылды» жобалар шеңберінде кездесу ұйымдастырушылары балаларға «Вавилон» кинотеатырында 3d форматында фильм көруге, «Ресей-менің тарихым» мультимедиялық тарихи паркіне экскурсия ұйымдастырды, Омбы қаласының №114 орта мектебінің негізінде ашылған қазақ ұлттық мәдени орталығының жұмысымен таныстырды.  

Кездесу соңында «Шоқан жолы» экспедициясының мүшелері орталықтың әдістемелік жинағын бастауыш сынып оқулықтарымен толтырды және жиналыс ұйымдастырушыларынан сыйлықтар алды: Омбы облысының қазақ ұлттық мәдени орталығының президеті Ж.И.Бекмагомбетов, Омбы облысының халықтық өнер орталығы директорының орынбасары Н.В.Савенко, «Қайта құру және даму Орал банкі» директорының орынбасары А.Л.Столберев, «Омбы су құбыры жүйелері» ЖШС директоры Ж.Б.Омаров.

Сапар барысында Көпсалалы үздіксіз білім беру академиясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. КББА басшылығы, Северный ЖОББМ директорының тәрбие ісі орынбасары Б.М.Айтмакушева, Омбы облысының қазақ ұлттық мәдени орталығының президеті Ж.И.Бекмагомбетов, Омбы облысының халықтық өнер орталығы директорының орынбасары Н.В.Савенко Ресей мен Қазақстанда білім беру мәселелерін талқылады. Академияның өкілдері, А.В.Коржакова 2019-2020 оқу жылындағы жоспарлы іс-шаралар туралы ойдағыдай іске асырылған жобалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жоғарыда аталған кездесу ұйымдастырушыларына балалар үшін ақпараттылық және қарқынды демалыс үшін алғыс айтамыз және жоспарларымыз бен жобаларымызды табысты іске асыру үшін табыстар тілейміз.

«Шоқан жолы» экспедицияның келесі аялдамасы тамыз айында Семей қаласында болады. Балалар Шоқан Уәлихановтың шақын досы болған Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды үй-мұражайына барады.