e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда146132
Бір айда8402
Бір аптада2319
Кеше190
Тәулік377
Температура режимі
«Ақындар мектебі» атты жазғы сауықтыру лагері
06 Мау, 11:03

Жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгерту мақсатында Қарақұдық мектебінің базасында аудан мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында «Ақындар мектебі» атты жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.
Шараның мақсаты мен міндеті: дарынды оқушылар арасында шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілетіне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық ойындарда ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау.

Бірінші күні лагерьдің ашылу салтанатына ауыл әкімі Т.Сапарғалиұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Султанова, мектеп директоры Қ.Жакиенова сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Мектептің мәжіліс залында шығармашылық кеш өткізілді. Арнайы шақырылған ауданымыздың құрметті азаматы, ҚР үздік өлкетану медалінің иегері, ақын Самат Мәненұлы мен Нүрән Бөпәләйқызымен кездесу өткізіп, оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып тұшымды ой, салмақты пікір алмасты.

Келесі күндері оқушылармен ақындық өнерді дамыту жұмыстары жоспарлануда, жас ақындар кез-келген тақырыпта өлең шығарады; лагерьдің жоспарында эссе жазу (арнайы тапсырма ретінде берілген тақырыпта шығармашылық қабілеттерін дәлелдеу); көркем сөз оқу (проза, поэзия, драмалық шығармалардан үзінді оқып беру)
Маусымның соңында әр номинация бойынша белсенді қатысқан оқушыларға мадақтамалар мен сертификаттар табысталады.