e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Құрметті ата-аналар мен түлектер! Мектеп бітіру кешін қай жерде өткізгенді қалайсыздар?
Аудандық орталық аланында - 47
Аудандық Мәдениет үйінде - 8
Мектепте - 7
Всего проголосовало: 62
Бір жылда151344
Бір айда19384
Бір аптада3755
Кеше439
Тәулік250
Температура режимі
Екі жыл толуына орай....
12 Сәу, 17:51

№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінің Рухани жаңғыру кабинетінде 2019 жылдың 12 сәуір күні Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының шығуына екі жыл толуына орай  «Менің кіші Отаным - Ертісім» атты  зияткерлік сайыс өтті.

Шараға зейнеткер, ардагерлер клубының белсенді мүшесі Нұрболат Қабыкенұлы Ауталипов қнақ ретінде шақырылды.

Сайысқа  8-11 сынып білім алушыларынан құралған үш топ бақ сынасты. Әр топта 5  оқушыдан қатысты. Сайыс 5 бөлімнен тұрды:

Таныстыру бөлімінде әр топ өздерін қызықты да көрікті таныстырып өтті.

«Зерде » бөлімінде мұғалімдер дайындаған бейнесұрақтарға жауап берді.

«Ойлан тап»бөлімінде 10, 20, 30  ұпайлық ұяшықтарды таңдай отырып, Ертіс ауданының тарихы, географиясы және ұлы тұлғалары тақырыптарында дайындалған сұрақтарға ой қозғады.

«Болашақтағы Ертіс ауылы менің көзіммен» атты бөлімінде әр топ  алдағы уақыттарда кіші отаны Ертіс ауылын көз алдарына елестете отырып сызбаға түсірді. Әр топ қиялмен алдағы өмірлерінде туған ауылын қалай құратындарын көпшілік ортасына салды.

«Жорға» деп аталатын бөлімде әр топ  7-ден тұратын жылдам сұрақтарға тапқырлықпен жауап бере білді. Оқушылардың ойлау жылдамдығы ескерілді.

Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған топ марапатталып, белсенділік танытқан оқушылар кіші сыйлықтарға ие болды.