e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда114751
Бір айда11701
Бір аптада1993
Кеше401
Тәулік12
Температура режимі
Білім беру қызметкерлеріне арналған облыстық конференция қатысушыларының Ертіс ауданының педагогтарына Үндеуі
26 Там, 04:04

Құрметті әріптестер!

Әлемнің жетекші елдерімен қатар тұрған Қазақстанның халықаралық беделімен бірге мәдениет, ғылым, білімнің биік шыңына жеткен ел ретінде анықталған көзқарасын сақтап қалу ұлттық білім беру жүйесінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Мемлекет деңгейіндегі жаңарту процесі шығармашылық белсенділікті, инновациялық ой-өріс пен тың идеяларды қажет етеді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің одан әрі дамуына зор мүмкіндіктер бар.Білім беру саласының мазмұны мен технологияның жаңартылуын қоса алғанда, білімге негізделген экономиканың талаптарына сәйкес балалар мен жасөспірімдердің функционалдық сауаттылығының дамуында білім беру саласының инновациялық сипатын қамтамасыз ету 2014-2015 жылдарға арналған білім беруді дамытудың басты міндеті болып табылады. Қоғам алдындағы өз жауапкершілігімді сезіне отырып, аудан педагогтарын қазақстандық білім беруді реформалаудың негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға барынша күш жұмсауға шақырамыз. Ертіс ауданының білім беру жүйесінің қызметі табысты, жедел ойлай білетін, қажет болған жағдайда, оңтайлы шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамытуға тиімді жағдай жасауға бағытталған. Мемлекет тарапынан ауданның білім беру жүйесіне барынша қолдау көрсетілуде, ал білім беру жүйесі өз алдына адами, ақпараттық, материалдық, қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануы қажет. Ауданның білім беру саласындағы инновациялық даму нәтижелері едәуір. Бұл жағдай аудандағы жоғары  білікті  педагогикалық корпустың зор еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.  Білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асырудағы тың идеялар, жаңа міндеттер ауданның әрбір педагог ұжымында өз орнын табатынына, инновациялық үдерістердің дамуына жаңа қарқын беретініне, экономиканың инновациялық дамуына, қоғамның және әрбір азаматтың қазіргі заманға сай келетін қажеттіліктеріне әсер ететініне сеніміміз мол.