Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда108472
Бір айда10523
Бір аптада2593
Кеше350
Тәулік25
Температура режимі
Кодтау сағаты - 2018
11 Жел, 10:58

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаменті ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Қазақстан 18 кодының сағаты» акциясын өткізуіне байланысты білім беру ұйымдарының барлық 3-7сынып оқушылары қатысуымен 2018 жылдың 3-9 желтоқсан аралығында Ертіс ауданының мектептерінде сабақтар өткізілді.

Бұл  акцияның мақсаты – оқушылардың  бағдарламалау мен информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар оқушылар алдында ІТ мамандығының беделін көтеру.

«Кодтау сағаты» Қазақстанда бұрын-соңды өткен ІТ саласындағы білім беру шаралар ішінде ең ірісі болады. Бұл бастамаға биылғы жылы 3-11 сыныптардың оқушылары белсене қатысты. Олардың әрқайсысы бағдарламалау дағдыларын үйренуге бірегей мүмкіндік алды және ІТ саласындағы алғашқы қадамдарын жасады. «Кодтау сағаты» информатиканың арнайы сабағында мұғалімдер оқушыларға бағдарламаушының не істейтіні туралы айтып беріп және балалармен бірге MINECRAFT ойыны бойынша бағдарламалаудың  бірінші код жолдарын жазды.  

 Акция соңында оқушыларға сертификаттар табысталды.