e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда167858
Бір айда15731
Бір аптада2569
Кеше112
Тәулік538
Температура режимі
Балалар әдебиетінің бір бәйтерегі
04 Жел, 18:23

         Ертіс ауданының білім бөлімінің  2018 жылдың  4 желтоқсан  күні  № 2 Ертіс  жалпы орта білім беретін мектебінің негізінде аудандық VIII  Мүбәрак оқулары  өткізілді.

 Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында  М.Жаманбалиновтың  шығармашылығын насихаттау және өскелең ұрпақты ақынның мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту.

         Аудандық  оқуларына 24 оқу орындары  1-4 сыныптарының  64 оқушысы қатысты.

Ақынның оқулары өткізу Ережелеріне сай екі бөлім бойынша өткізілді:

   «Талап»  атты іріктеу бөлімі.

  Сайысқа қатысушылар сынып бойынша топтарға бөлініп, әр оқушы түседі.        «Ғылым»  атты бөлімі.

Бірінші бөлімнен  іріктеліп шыққан талапкерлер тапсырма орындайды, сурет салады, сұрақтарға жауап береді.  Мүбәрак Жаманбалиновтың өміріне және шығармашылығына байланысты.

         Байқаудың екі бөлімінің қорытындысы негізінде  әр сынып бойынша  жеңімпаздар белгіленді.

1сынып оқушылары арасында Ынтымақ негізгі мектебінің оқушысы Құдайбергенов Рахмади ие болды. 

2 сынып оқушылары арасында  1 орынға  Ағашорын  мектебінің оқушысы Асқар Кәусар ие болды.

3 сынып оқушылары арасында  1 орынға  Ынтымақ негізгі мектебінің оқушысы Төлеш Жансая ие болды.

4 сынып оқушылары арасында  1 орынға  Ынтымақ негізгі  мектебінің оқушысы  Айтикенова Аружан ие  болды.

         Байқаудың жеңімпаздары білім бөлімінің мақтау қағаздары мен сыйлықтарымен марапатталды.  Байқауға демеушілік көрсеткен ақынның  ұлы Талап аға және немерелерілері қатысушыларға естелік  ретінде атаның кітабінің электронды нұсқасын табыс етті.