e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда172566
Бір айда14093
Бір аптада2866
Кеше673
Тәулік176
Температура режимі
Алматы – Үшқоңыр екі күндік туры
05 Қар, 16:39

Жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорықолдауымен «Kazakh – Tourism»ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, 13-17 жас аралығындағы оқу озаттары, сонымен қатар аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынанн шыққан оқушылар «Алматы-Үшқоңыр» бағыты бойынша «Көшбасшы жолы» мектептік тегін турына қатысты.

Ертіс ауданынан екі күндік турға № 1 және 4 Ертіс ЖОББМ-нің бес оқушы қатысты. Оқушылар үшін сапар өте қызықты және тартымды болды. Балалар Елбасы білім алған Қарасай батыр атындағы орта мектебіне, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына, Тәуелсіздік монументіне, 28 Панфиловшылар саябағына және Алматы қаласының басқа да көрікті жерлеріне барып қайтты.

Оқушылар атынан, Елбасы туған ауылға барудың тамаша мүмкіндігі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!