Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда87978
Бір айда5517
Бір аптада862
Кеше189
Тәулік4
Температура режимі
Құрметті әріптестер!
29 Жел, 05:50

        Сіздерді Жаңа 2013 жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін.                                                                                                       Келер 2013 жылы да өз білімдеріңіз бен жақсы қасиеттеріңізді шәкірттер бойына дарытып, олардың жан-жақты білімді тұлға болып қалыптасуы үшін аянбай еңбек етерсіздер деп сенемін.

      Өтіп бара жатқан ескі жыл жүректеріңізде тек қана жақсы да жылы сезімдерін қалдырсын, келе жатқан Жаңа жыл өз жақсылығы мен қуанышын, қызығы мен ырыздығын баршаңызға жеткізсін.

       Жаңа 2013 жыл әр үйге бақыт пен береке, шаттық пен мереке әкелсін. Шын жүректен дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық, отбасыларыңызға қуаныш пен шаттық тілейміз!

Құрметпен

Ертіс білім беру                                                                           

бөлімінің бастығы                                             Ж.Иманжапарова