Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда86688
Бір айда10588
Бір аптада2321
Кеше418
Тәулік294
Температура режимі
Отбасылық дауласуды шешу
26 Қаң, 05:37

Отбасылық дауласу  - бұл кеңінен тараған көрініс, көбінесе ерлі - зайыпты жұптар сотқа жүгінбей –ақ, бұл жағдайдан өз бетімен  шығады. Алайда, егер жағдай неке бұзылуына дейін жетсе, ерлі – зайыптылар  отбасылық  құқық нормаларына тап болады. Қарымқатынастың тоқталуы  бір қатар отбасылық дауға әкеліп соғады. Отбасылық құқықтың негізінде  Қазақстан Республикасының  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі жатыр. Отбасылық  істер жөніндегі  сот дауы қатысушылар үшін өте жанға батарлықтай болады. Бұндай жәйтте  дау объектісі болған балалардың эмоционалдық  жағдайына теріс әсер етіледі.

          Неке бұзылғаннан кейін, ерлі – зайыптының біреуі Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  арнайы мамандандырылған ауданаралық сотқа берілген өтінішінің  негізінде сот тәртібінде  балалардың тұратын орыны, тәрбиелену жағдайлары белгіленуі тиіс. Сондай –ақ осы мәселені  Қазақстан Республикасының бас прокуратурасында енгізілген  өзгерістерге сәйкес  жергілікті  сотта қарастыруға болады.

           Баланың ата-анасының біреуімен тұру белгіленген жағдайда, екінші ата –ана баламен қарым-қатынаста  болып  тәрбиелеу құқығынан айырылмайды, сондай – ақ  баланы ұстауына  бағытталған алименттер төлеуінен босатылмайды.

          Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 73 бабы, 3 тармағында  қамқоршылық және  қорғаншылық  қызметін жүзеге асырушы органына, сондай – ақ медиатор қызметіне   үндеу кезінде  отбасылық  дауласуды  сотқа  жүгінбей - ақ қарастыруға болады.

           Медиатор –Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсібиемес негізінде  медиация өткізу үшін  тартылатын тәуелсіз жеке тұлға. Кәсіби медиаторлардың  тізімін  Жоғарғы сот сайтынан немесе  аудандық соттан алуға болады. Сонымен қатар, Ертіс  аудандық сотында   кәсібиемес  медиаторлардың тізілімі бар, олар әр ауыл немесе ауылдық округтерінен ұсынған ақсақал немесе құрметті адамдар.

           2015 жылы  қамқоршы және қорғаншы органы  балалар тәрбиелеу тәртібі мен шарттарын белгілеу туралы  2 отбасылық дауласу қарастырылды, оның біреуі  кәсібиемес медиатордың тартылуымен жүзеге асырылды.

 

Ертіс ауданы білім бөлімінің балалар құқығын қорғау жөніндегі бас маман Ә.Қ.Бейсекеновадан кеңес алуға болады: байланыс телефоны 22538.