Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда86700
Бір айда10600
Бір аптада2333
Кеше418
Тәулік306
Температура режимі
«Қамқорлық» акциясын өткізу туралы
08 Қаң, 09:48

2016 жылғы қаңтардың 10-нан ақпанның 10-ы аралығында облыста «Қамқорлық» республикалық акциясы өткізіледі. Акция мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ кимідерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.

Акцияның басым міндеттері мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызған себептерді айқындау, дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеуді алдын алу, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту, жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту.
Акция шеңберінде:
- қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен, ата-аналар жұртшылығымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен рейдттер өткізу;
- дәлелсіз себептермен мектепке бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды айқындау үшін мектептерге бекітілген шағын учаскелердегі үйлерді аралау;
- әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттағы балаларға, оның ішінде жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қолдану.
Жыл сайын акцияға қатысуға аз қамтылған отбасыларына көмек көрсететін мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерінен, меценаттар мен демеушілерден тұратын қамқоршылар белсінділік танытады.