Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда76238
Бір айда5925
Бір аптада999
Кеше189
Тәулік100
Температура режимі

Қауіпсіздікті сақтай біл!

 

Мұз үстіндегі қауіпсіздік

 

Суық түсіп, өзен, көл, айдындар қата бастаған кезде, мұздың үстіне балалар мен қысқы балық аулаушылар шыға бастайды.

Алғашқы қатқан мұзда сырғанауға және өтуге болмайды, себебі ол әлі жұқа және адамның салмағын көтермейді. Бұтақ, тақтай және т.б. заттар маңайындағы мұз өте жұқа болады. Егер ондай жердің үстін қар жауап тастаса, мұзда сырғанап жүрген немесе өтіп бара жатқан адам бәлеге ұшырауы мүмкін.

Мұздың беріктігін аяқпен тексеру қауіпті. Мұздың үстімен жүріп келе жатқан кезде қауіпті жерлерді және қалың қар жатқан жерлерді айналып өтіңіз.

Қалыңды 7 см. болатын және көгілдір немесе жасылдау реңкке ие мұз өту үшін қауіпсіз болып саналады.

Су айдындарындағы мұз тек толық қысқы мұз қату кезінде ғана берік болады. Бірақ соған қарамастан осы кезеңде де сырғанау және өту үшін қауіпті жерлер болады.

Мұздың үстімін су айдынын шаңғымен өту кезінде салынған шаңғы сүрлеуімен жүру керек, егер сүрлеу болмаса, онда ең алдымен шаңғының бекіткішін босатып, шаңғы таяқшалары ілмектерін қолдан шешу, рюкзакты бір иыққа алу қажет.

Балық аулаушылар үшін — қосымша қауіпсіздік шаралары:

  • бірнеше шұңқырды қатар оюға болмайды;
  • бір жерге үлкен топ болып жиналу қауіпті;
  • ағынды жерде балық аулауға болмайды;
  • ұзындығы 12-15 метр жіпті ала жүріңіз.

Сіздің астыңызда мұз жарылса

Барлық жағдайда өзіңді ұстау, үрейленбеу. Мұз бөлінген жағдайда қолыңды екі жаққа созып, мұзға кеудемен немесе арқамен аяқты созып жатуға тырыс. Адам суға түсіп кеткен жағдайда ауыр заттардан құтылу керек. Су үстіне қалқып шығуға, немесе қалың мұз үстіне жүзіп баруға тырыс. Мұз үстіне алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты салу керек. Құлаған жерден алысқа қарай кетуге тырысыңыз. Егер мұз әлсіз болса, мұздың қалың жеріне дейін сындыруға тырысу керек. Онымен қатар бар дауыспен көмек шақыр.

Егер көмекті сіз көрсету керек болсаңыз. Мұз жарылған жерге тұрып келмей, қолыңызды, аяғыңызды екі жаққа созып ішпен жорғалап келу керек, немесе тақтайға сүйену керек. Зардап шеккен адамға келген жағдайда оған жіп, тросс, шарф, күртеше, және т.б. лақтырыңыз. Зардап шеккен адам берілген затты ұстаған жағдайда оны өзіңе қарай тарт. Топ адамдар арасында батып бара жатқан адамға, бір адам немесе екі адам көмек көрсетеді. Мұз шетіне адамдардың жиналуы өте қауіпті. Құтқару жарағы болмаған жағдайда бірнеше адамға, мұзға жатып, аяқтарынан (бірінің артынан бірі)тізіліп ұстанып, зардап шегушіге көмек көрсету керек.

Адамдардың сынып кеткен мұзға әрекеті

Сабырлық сақтау, үрей туғызбау, және де жамандық туралы ойламау. Топта басқаларды сабырлыққа шақыру. Мүмкін жағдайда суға секіріп, жағаға малтып барып көмек беруді ұйымдастырған жөн. Желдің бағытын, мұздың дрейфін анықтау керек. Айғаймен, қол сермеумен, факелмен және т.б. әдістермен айналадағылардың көңілін аударуға тырыс. Су болып қалған киімді де шешпеу керек, өйткені ол ағзаны қатты тоңудан сақтайды. Мүмкіндігінше аяқ киім немесе аса ауыр, су астына бататын киімдерді шешу керек. Сабырлықпен көмек тосып және өзіңді сақтап қалуды ойла. Топ ішінде шу көтермей, барлық жасаған әрекетті ойланып, ұйымдасып жасауға тырыс.

Мұздай» судағы адамның әрекеті

Суық мерзімде өзендегі және басқада суаттардағы су өте қауіпті. Суда тәжірибелі және дені сау адамдар, санаулы сағат және минуттарда тоңазып қалуы мүмкін. Мұз тербелген жағдайда су бетіндегі барлық заттардан полиэтиленді шишалардан(1-2 литр), канистрлерден (қауіпті, өткір заттардан басқа) ұстан. Бас және мойынды ағзадағы жылуды жоғалтпас үшін, су үстінде ұстауға тырыс. Егерде суға бірнеше адам құласа және жағаға дейін қашық болса, бірге жиналуға тырыс. Кенеттен су бетінде қалқып тұрған заттарды жарақаттанған адамдарға, балаларға, әйелдерге, әлсіздерге беру керек. Қай жағдайда болсын судан шығуға тырыс(жел болған жағдайда ауада судан қарағанда суық болып көрінуі мүмкін. Есте сақта: нөл көлеміндегі судағы температура, ауадағы төмен температурадан да қауіпті.) Парадокс: суда аз қозғалуға тырыс, белсенді қозғалған жағдайда ағзадан жылу тез бөлініп, тез тоңазып қалуға себеп болады. Есте сақта: қатты қалтырау, аяқ-қолдың ауырсынуы, адам өміріне қауіпті емес.Өлімге барлық ағзаның тоңазып қалуы себеп болады. Суда қозғалмау, тірі қалу мерзімін көбейтеді. Судағы белсенді қозғалыс — жолдастарға көмек, жағаға шығу үшін. Қажет жағдайда су астында тез аяқ-қолды сермемей ақырындап малты. Сіңір тартылудан қорықпаңыз! Оны болдырмау үшін бұлшық етті уқалап, аяқ-қолды уқалау керек. Сіңір тартылған жағдайда бұлшық етті бірнеше рет шымшыла. Тартылып қалған аяқты, қолмен жазуға тырыс. Қай жағдайда болсын үрей туғызба: Адам сақтау көкрекшесісіз де, суда аяқ-қолмен де өзін құтқара алады.

Судан құтқарып алып шыққан адамға көмек

Құтқарылған адамға мүмкіндігінше құрғақ киім және аяқ киім кигізуге, немесе су киімді сығып киіндіруге тырыс. Тәтті тағам бер(қант, тосап, шоколад т.б.). Тез жылыну үшін қол-аяғын серметіп, қозғалуын қадағала. Жағаға от тұтатып, палатка шатырға (қардан, мұздан жасалған орынға) отырғыз.

Мұздай суда 10-15 минут болу адам өмірі үшін өте қауіпті!

Мұз үстінде уақытылы қабылданған сақтық шаралар сіздерді қайғылы жағдайдан сақтайтынын есте сақтаңыз.