e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

Психолог ұсыныстары

 

Психолог беті

«Өмір сүру – қамықпау, ешкімді ренжітпеу және айыптамау»

«Бала – ылғи періште және жаман тәрбие оның қанатын қағуы мүмкін!»

БАЛАЛАРғА ӨЗІНДІК ҚАДІРЛЕУ МЕН ЖЕКЕ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУҒА

ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМЕДЕСУ КЕРЕК?

МЕКТЕПТЕ:

·           ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУГЕ ШЫНАЙЫ МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНЫҢЫЗ;

·           БАЛАҒА ҮНЕМІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУ, ОНЫҢ БАСТАМАЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ;

·           ӨТКЕНДЕГІ ҚАТЕЛІКТЕРІ МЕН ШАЛЫС БАСУЛАРЫНА КӨҢІЛ АУДАРМАЙ, МІНЕЗІНІҢ ОҢ ЖАҚТАРЫНА НАЗАР САЛЫҢЫЗ;

·           ҮНЕМІ БАЛАНЫ ҚОЛДАП, ҚАЙРАТТАНДЫРЫП, МАҚТАУ ҚАЖЕТ, ОНЫ ЕШҚАШАН СЫНҒА АЛМАЙ,ОҒАН АРСЫЗДЫҚ КӨРСЕТПЕУ ҚАЖЕТ;

·           БАЛАНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ТАҢДАЙ ОТЫРА, ОНЫҢ СЕНІМСІЗДІГІНІҢ, ҚАТЕЛІК ЖІБЕРУДЕН ЖӘНЕ СӘТСІЗДІКТЕН, ЖАҢА ІСТЕН ҚОРҚУДЫҢ АЛДЫН АЛУ;

 

·           ОҒАН НАҚТЫ МАҚСАТТАРДЫ ҚОЯ БІЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН СӘТТІЛІКТЕРІНЕ ШЫНАЙЫ БАҒА БЕРУ.

ОТБАСЫНДА:

·           ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА ЖЫЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ПІКІР БІЛДІРУ, БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚАЖЕТ;

·           ОТБАСЫНА ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖАҚЫНДЫҚ АХУАЛЫН ЖАСАҢЫЗ;

·           БАЛАҒА ҮНЕМІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТЫҢЫЗ, ОҒАН ҚАМҚОР БОЛЫҢЫЗ;

·           ТАЛАПТЫЛЫҚТЫ – НЕМҚҰРАЙЛЫҚТАН, БОСТАНДЫҚТЫ – ШЕКТЕУДЕН, ҚАТЫНАСТАҒЫ ЖЫЛЫЛЫҚТЫ – ШЕТТЕТУДЕН АРТЫҚ КӨРІҢІЗ;

·           БАЛАЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА АВТОРИТАРЛЫҚ ПОЗИЦИЯЛАРДЫ ЖОЙЫҢЫЗ.

·           ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТА ДЕРЕКТИВТІ СТИЛЬГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК!

·           ОРТОДОКСАЛДЫҚ ПАЙЫМДАУДАН АУЛАҚ БОЛУ КЕРЕК;

 

·           БАЛАЛАРМЕН ҚАТЫНАСТА ӨЗ ҚАТЕЛІКТЕРІНДІ МОЙЫНДАЙ БІЛУ ҚАЖЕТ.

БАЛА МЕН АТА-АНА КИКІЛЖІҢІН ҚАЛАЙ ДҰРЫС

ЖОЛҒА ҚОЮҒА БОЛАДЫ?

 

1.        УАҚЫТТЫ ДҰРЫС ТАҢДАҢЫЗ. БАЛА КЕШҚҰРЫМ УАҚЫТТА ДЕМАЛЫП НЕМЕСЕ СҮЙІКТІ ІСІМЕН АЙНАЛЫСЫП ЖАТҚАНДА, САЛМАҚТЫ ӘҢГІМЕНІ БАСТАУ ҚАЖЕТ ЕМЕС.

2.        ТЕК ҚАНА НАҚТЫ МӘСЕЛЕ ТУРАЛЫ АЙТЫҢЫЗ. БАЛАНЫҢ БҰРЫҢҒЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ ЖАМАН ҚЫЛЫҚТАРЫН ЕСКЕ ТҮСІРУ КЕРЕК ЕМЕС. ОЛ СІЗДЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫҢЫЗДЫ ОДАН САЙЫН ҚИЫНДАТУЫ МҮМКІН.

3.        МЫНА СӨЗДЕРДЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ:«СЕН ҚАШАНДА» НЕМЕСЕ «СЕН ЕШҚАШАН» - БҰЛ СІЗ ШЕШЕЙІН ДЕП ЖҮРГЕН МӘСЕЛЕНІ, ОДАН САЙЫН ҚИЫНДАТАДЫ.

4.        ӨЗІҢІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДЫ ЖЕТКІЗУ ҮШІН, БАЛАҢЫЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІН ТӨМЕНДЕТУДІ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРМАҢЫЗ.«МЕН ҮЛКЕНМІН, МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ БАР» ДЕГЕН СӨЗДЕР БАЛАНЫ СӨЙЛЕТПЕУГЕ МӘЖБҮРЛЕЙДІ, БІРАҚ ОНЫМЕН МӘСЕЛЕНІ ШЕШЕ АЛМАЙСЫЗ. АҚЫЛДЫЛЫҚПЕН ШЕШУГЕ ТАЛПЫНЫҢЫЗ.

5.        ТЫҢДАҢЫЗ, БАЛА НЕ АЙТАДЫ. СӘТ САЙЫН СІЗ БАЛАҢЫЗДЫ ТЫҢДАП ОТЫРҒАНДА, ОНЫҢ ОЙЫ МЕН ПІКІРІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫНЫҢЫЗДЫ БЕТ БЕЙНЕҢІЗДЕН КӨРСЕТУІҢІЗ КЕРЕК.

6.        АРТЫҚ СӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНБАУ. «ҚЫРСЫҚ», «ЖАЛҚАУ», «ЖАУАПКЕРШІЛІКСІЗ», «ТІЛАЗАР» ДЕГЕН АРТЫҚ СӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНҒАНДА, СІЗ БАЛАҒА ТҮККЕ ТҰРҒЫСЫЗ ЕКЕНДІГІН БАЙҚАТЫП ҚАЛАСЫЗ. ЖӘНЕ ДЕ ОСЫНДАЙ СӨЗДЕРДІ ЕСТІП ӨСКЕН БАЛА, ШЫНЫНДЫ ДА БОЛАШАҚТА СІЗ АЙТҚАНДАЙ БОЛУЫ МҮМКІН.

7.        БОЛАШАҚТЫ АЛДЫН АЛА ЖОРАМАЛДАМАҢЫЗ. «СЕН ЕШҚАШАН ӨЗГЕРМЕЙСІҢ», «ОСЫ МІНЕЗБЕН САҒАН ӨМІР СҮРУ ҚИЫН БОЛАДЫ» ЖӘНЕ Т.Б. ОСЫНДАЙ СӨЗДЕР ТЕК ҚАНА ҚИЫН МӘСЕЛЕЛЕРГЕ КӨҢІЛДІ АУДАРТАДЫ.

8.        КЕЛЕКЕ ЕТУДІ ДОҒАРУ ҚАЖЕТ.«СЕН СОНДАЙ КЕРЕМЕТСІҢ...» ДЕП КЕКЕСІНМЕН АЙТҚАН СӨЗ АРҚЫЛЫ СІЗ БАЛАНЫ - АҚЫМАҚ ЕТІП КӨРСЕТІП БЕРЕСІЗ ЖӘНЕ БҰЛ ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС ЕКЕНІҢІЗДІ БАЙҚАТЫП ҚАЛАСЫЗ.

9.        ҚАЙҒЫ ШЕГУШІНІҢ РӨЛІН ОЙНАМАСТАН БҰРЫН, ЖАҚСЫЛАП ОЙЛАНЫҢЫЗ.ЕГЕР БАЛА ТҮЗЕЛМЕСЕ, ЕҢ ҚАТАЛ НҰСҚА – АУРУ НЕМЕСЕ ӨЗІНІҢ ӨЛІМІМЕН ҚОРҚЫТУ. БҰЛ БАЛАНЫ МАНИПУЛИРОВАТЬ ЕТУ.

10.    АҚША – ОЛ ДӘЛЕЛ ЕМЕС. «ӨЗІҢ АҚША ТАПҚАН КЕЗДЕ ҒАНА, ӨЗ ПІКІРІҢДІ АЙТА АЛАСЫҢ». СІЗДЕР БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАСЫН ҚАДІРЛЕУГЕ МІНДЕТТІСІЗДЕР, ОНЫҢ ӨЗІНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫНА, КӨЗ-ҚАРАСЫН АЙТУЫНА МҮМКІНДІК БЕРІҢІЗДЕР. БҰЛ ЖЕРДЕ АҚШАНЫҢ ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ!

11.    ӨЗІҢІЗДІҢ ТӘРТІБІҢІЗГЕ КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ.СІЗ БАЛАҢЫЗДЫ ТЕМЕКІ ШЕГІП ТҰРҒАН ЖЕРІНЕН ҰСТАП АЛЫП, ТҮСІНДІРУІН ТАЛАП ЕТТІҢІЗ, БІРАҚ ӨЗІҢІЗДЕ ОСЫ ЖАМАН ӘДЕТТІ ҚОЛДАНАСЫЗ. БАЛАДАН БІР НӘРСЕНІ ТАЛАП ЕТПЕСТЕН БҰРЫН, ОЙЛАНЫҢЫЗ, АЛ ӨЗІҢІЗ ОСЫ ТАЛАПҚА САЙСЫЗ БА?

 

ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ!ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КЕЗІНДЕ БАЛА СІЗГЕ ТЕРІС ЭМОЦИЯЛАРЫН КӨРСЕТСЕ – БҰЛ СІЗГЕ ДЕГЕН СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН ЖАҚСЫ КӨРУДІ ҰМЫТТЫ ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС! ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ ЖӘНЕ БАЛАҢЫЗҒА, ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ДЕГЕН ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗ.

Психолог парағы