e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Құрметті ата-аналар мен түлектер! Мектеп бітіру кешін қай жерде өткізгенді қалайсыздар?
Аудандық орталық аланында - 47
Аудандық Мәдениет үйінде - 8
Мектепте - 8
Всего проголосовало: 63
Бір жылда150990
Бір айда12485
Бір аптада1322
Кеше268
Тәулік3
Температура режимі

Жас Өрен

Балалардың жарқын болашағы үшін Елбасымыздың бастамасымен Қазақстан Республикасы бойынша Бірыңғай Балалар мен Жасөспірімдердің "Жас Ұлан"ұйымы құрылды. «Жас Ұланның» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы тарихындағы орны ерекше, себебі «Жас Ұлан» еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Ал тектілігі – «Жас Ұланды» республиканың алдыңғы қатарлы, озық ойлы, ең белсенді жастар ұйымдарының көшбасшылары құрып, тың идеялармен азықтандырғаны. «Жас Ұланның» балалар бойында адамдық, әділеттік, әдептілік, ізеттілік дәндерін себуді мақсат еткен ниеті де дұрыс. Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі біз – рухы биік еркін халықтың ұрпағымыз! Себебі біз о шеті мен бұл шетіне жету үшін тұлпар тұяғы тозатын, қыран қанаты талатын кең байтақ Қазақстанның азаматымыз! Себебі біз – ел ертеңін сеніп тапсырған кемеңгер елдің жастарымыз! Тарихымыз да жастарға үлгі болар тұғаларға бай.

 

«Жас Ұлан» қызметінің негізгі бағыттары:

 1. «Зерде» – білім алушылардың құзыреттіліктерінің, зияткерлігінің және шығармашылық қабілеттерінің, проблемаларды шешу икемдерінің қалыптасуына және дамуына, балаларды зияткерлік ойындарға, пікірталастарға, олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға және зерттеулерге қатысу үшін тартуға ықпал етеді. Жасұландықүнеміөзініңтанымдықбелсенділігін, зияткерлікдеңгейін, ақыл-ой еңбегінің мәдениетін, жеке тұлғасының әлеуетін дамытып отырады, түрлі шығармашылық бастамаларына ұмтылады және қоршаған өмірді жақсарту бойынша өзінің шығармашылық қабілеттерін жауапкершілік пен танытады.

2. «Руханият» - ұйым мүшелері өмір тіршілігіндегі рухани, моральдық-этикалық, көркемдік-эстетикалық негіздердің дамуына және қалыптасуына, өз отбасының, балалар қоғамдастығының, өзінің және өзге халықтардың мәдени мұрасын меңгеруге және оны көбейтуге, өз ниеттерін басқа адамдармен әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келтіру икемдерін, қоғамның қазіргі құрылымын түсіну және онда рухани-адамгершілік құндылықтармен әлеуметтік бағыт-бағдарларға сүйене отырып өздігінен әрекет ету қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Жас ұланды қөзіне қатысты адал және шыншыл болып, жалпы адамзаттық нормалар негіздеріне сәйкес әрекет етуге тырысып, кішілерді қамқорлыққа алып, жақындарымен достарының пікірлеріне құрметпен қарауытиіс.

3. «Отан» — ұйым мүшелерінің бойында қазақстандық сана-сезімнің және мәдени сәйкестіктің, азаматтық жауапкершіліктің, толеранттылықтың және патриоттық, өз халқы үшін мақтаныш, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрмет тұту сезімдерінің қалыптасуына, Отан игілігі, Мейірімділік пен Әділдік үшін өзінің орнын тауып, қабілеттерін мейлінше жүзеге асыруға ұмтылысын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.Жасұландық өз Отанын сүйіп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, мемлекеттің, өз өлкесінің тарихын, туған жеріндегі құрметті азаматтардың және батырлардың өмірі мен ерлігін білуі, белсенді туристік, ізденіс-экспедициялық және өлкетанушы жұмысты жүрзіп, өз Отанын шетелде абыроймен танытуы керек.

 4. «Жеті жарғы» Қазақстан жас азаматтарының құқықтық мәдениетін, БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы, өзінің азаматтық құқықтары, міндеттері бойынша, Заң алдындағы жауапкершілік сезімі білімдері арқылы саяси сауаттылығын қалыптастырады. Жасұландық Қазақстан Республикасының абыройлы азаматы болып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңнамасын, жасұландықтың Салтанатты антын құрметтеуге және ұстануға, жалпыға бірдей жүріс-тұрыс ережелері мен нормаларын қолдануға, парыз, намыс пен арожданын пір тұтып өмір сүруі тиіс.

5. «Салауат» — ұйым мүшелерінің бойында және қоршаған әлеуметте салауатты өмір салтын қалыптастыруға, көпшілік дене мәдениеті мен спортты түрлі денсаулық сақтауға бағытталған бастамалар, спорттық, туристік, ізденіс-экспедициялық және өлкетану бағдарламаларын іске асыру арқылы дамытуға ықпалын тигізеді. Жасұландық салауатты өмір салтын белсенді жүргізіп, оны насихаттайды, өз денсаулығының қамын ойлайды, жақсы физикалық формасын қолдайды, түрлі спорттық-көпшілік іс-шараларына қатысады.

 6. «Еңбек» — ұйым мүшелерінің ерте бастан кәсіби бағдар алуына және кәсіп таңдауына, жас техниктер, өнертапқыштар мен оңтайландырушылар, бизнес-мектептер, холдингтер, қоғамдық академиялар, кәсіби шеберлік байқауларын, форумдарын құру арқылы құзыреттіліктер мен функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді.Жасұландық жалпы еңбекті және адамдар еңбегін құрметтейді, өзі еңбекті сүйіп, үй шаруашылығында өз отбасына көмектеседі, қолданбалы өнермен айналысады, конструкцияларды модельдейді, кәсіби таңдауға жауапкершілікпен қарайды, еңбек және кәсіби акцияларға, балалар мен жасөпірімдердің техникалық, ауылшаруашылық, шығармашылық жетістіктерінің көрмелеріне қатысады, отбасының, өз ауылының, қаласының, облысының, ұйымының, елінің еңбек дәстүрлеріне екпін қосады.

7. «Экоәлем» - балаларда экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға материалдық құндылықтарды қорғауға, табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуына, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға бағытталған қамқорлықпен саналы көзқарасты, қалыптастырады.

"ЖАС ҰЛАН" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас Ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ: ту, галстуг, төсбелгі, эмблема

"ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ: Парасат, Таным, Ұлт рухы, Тал бесік, Жігер, Жеті Жарғы, Еңбек.

ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫНАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Қоғамдағы өзгеріске бейімделген, әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамдағы бірлестіктің ғылыми - әдістемелік қызметін жандандыру. Тәрбиелік - оқыту бағдарламасын тиянақты өткізу, ұйым жұмыстарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттау.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер

 ұйымы мүшелерінің АНТЫ

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

-       Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

-       Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

-       Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

-       Ата-анамды қадірлеуге;

-       Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

-       Білімге табандылықпен  ұмтылуға;

-       Салауатты өмір салтын ұстануға;

-       Табиғатты аялауға;

-        «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

 

Жас өрен