e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда149067
Бір айда3492
Бір аптада1007
Кеше162
Тәулік150
Температура режимі

Мектеп туралы

                                            

 

«Қараағаш жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

 

Мектеп 1991 жылы қаланған. 2008 жылы мектепте күрделі жөндеу жүргізілді.

 

Білім беру үрдісін кадрлармен  қамтамасыз ету.

2017-2018 оқу жылында Қараағаш ЖОББМ-де психолог, кітапханашы, спорт нұсқаушысы, АӘД пәнінің ұйымдастырушысы, медбике және 19 мұғалім жұмыс жасайды. Барлық мұғалімдерде жоғарғы және арнаулы орта педагогикалық білімдері бар. Мектеп 100% педагогикалық кадрлармен жасақталған.

Жоғарғы білімі бар мұғалімдер саны – 14 адам.

Арнаулы орта педагогикалық білімі бар мұғалімдер саны – 5 адам.

 

Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, жабдықталу және құралдандыруы.

Материалдық-техникалық база – білім беру мекемесінің жұмыс істеуіне және даму бағдарламасының іске асуына қажетті жағдай болып табылады. Білім мекемесінің негізін 15 бірлік оқу кабинеттері құрайды.

         Кабинеттер САНПиН талаптарына сай  оқуға керекті жиһазбен жабдықталған. (өсімқорлық топ).

         Қазіргі қоғамда оңай бейімделу мақсатында мектепте психолог және өзін-өзі тану кабинеттері жұмыс жасайды.  Үй шаруашылығының дағдыларын меңгерту мақсатында білім мекемесінде еңбек кабинеті бар. Кабинет станоктармен, верстактармен, тігу машинкаларымен жабдықталған.

 

Кітапхана

         Мектеп кітапханасы – бала дамуының толыққанды ортасына қажет үш құрамдас бөліктерінің (ақпарат, мәдениет, қатынасу) идеалды орны болып келеді. Мектепте жалпы көлемі 13,75 ш.м кітапхана жұмыс істейді. Кітапханада жалпы 7072 мыңнан астам кітап бар. Мектеп мұғалімдері 19 отандық, 6 ғылыми-педагогикалық және оқушыларға арналған 4 атаулы басылымдарға жазылым жасайды. Сонымен қатар, кітапхана электрондық тасымалдаушылардағы құжаттармен жабдықталған. Осының барлығы оқушыға мектеп қабырғасынан шақпай қоршаған орта жайлы әр түрлі білім алуға көмектеседі. Мектеп кітапханасының бағыттарынан ішінен: оқушыларды оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту, ақпараттық мәдениеттің қалыптасу мен дамуын және кітапхананың медиамәдениетті пайдалануын, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие, экологиялық ойлаудың дамуын, жұмыстың тарихи-мәдениетті бағытын, эстетикалық-құқықтық, әдеби өлкетанулық бағыттарын бөліп айтуға болады. Балалардың оқуын дамыту әр кітапхананың басты міндеті болып табылады. Кітапхананың жұмысына оқуға қызықтыру тәрбиесі, балаларды кітапқа тартуға байланысты түрлі формалары мен әдістері қолданады. Оған кітап көрмелері, әдеби викториналар, конкурстар, зерделі ойындар, оқу конференциялары, кітапханаға экскурсиялар, әңгімелесулер, жеке кеңестер жатады.

 

Спортзал

         Мектепте 162 ш.м спортзал бар. Ол білім беру процесіне қажетті спорт құрал-жабдықтарымен және тренажерларымен жабдықталған. Сабақтан тыс оқушылар баскетбол, волейбол, үстел теннисі т.б секцияларға қатысады.

 

Асхана

 

         Білім мекемесінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету 90% құрайды. Білім берудің І баспалдақты мектебі таңғы ас және 3 түрлі тағамнан тұратын түскі аспен қамтамасыз етіледі. Мәзір тағамдардың витаминдеуінің және жұғымдылығына байланысты құрылады. Асхана 24 орынға есептелген. 2010 жылы тамақтанатын зал САНПиН 2.4.5.2409-08 талаптарына сәйкес үстелдермен жабдықталды. Тамақтарды сақтауға арналған қазіргі заман талабына сай технологиялық құрал-жабдықтар сатып алынды.

 

Медициналық қызмет көрсету.

 

         Білім беру мекемесінде денсаулықты сақтау үшін және ауруларды алдын алуға бағытталған медициналық және процедуралық кабинеттері жұмыс жасайды. Кабинеттер жұмысқа қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Керекті жағдайда емдеу шараларын жүргізу және ауруларды алдын алуға қажетті дәрі-дәрмектер де бар. Медицина кабинетінде күнделікті бірінші медициналық көмек көрсетіледі, эпидемия кездерінде жоспар-есепке сәйкес телу кабинетінде балалар түрлі екпелер қабылдайды, балаларды қарау жүргізіледі.

 

Ақпараттық-телекоммуникациялық желілерге, ақпараттық жүйелерге шығу мүмкіндігі

 

         Компьютерлер саны – 8

         Принтерлер саны – 1

         МФУ саны – 2

Интербелсенді тақталар саны – 2

Теледидарлар саны – 2

DVDсаны – 2

 

Мұражай

         Мектептегі еңбек және әскеи даңқы бар мұражай оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Музейде соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі уақыттағы бағалы эспонаттар сақталған. Мұражай облыстық мұражайлар байқауында дипломмен, мақтау қағазымен марапатталды.

 

Шағын орталық

         Мектепте «Балапан» шағын орталығы жұмыс жасайды. Шағын орталықты 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар қатысады. Шағын орталық балалардың толық күн болуына ойланған.

Мектеп туралы