e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда167908
Бір айда15913
Бір аптада3628
Кеше199
Тәулік130
Температура режимі

Мектеп тарихы

      Северный савхозының бірінші 7-жылдық мектебі 1930 жылы ашылды, 3 жылдан кейін 10-жылдыққа ауысты. 1940-1941 оқу жылына дейін директор қызметін Кондратенко И.К. атқарған. Кейін 1941 жылдан 1942 жылға дейін директор Поварницын В.А., ал 1942 жылдан 1956 жылға дейін Никерина М.В. болған.

      1942 жылдың қыс мезгілінде Ұлы Отан соғысының майданына мектептін алғашқы түлектері аттанды. Олар: В.Мухина, М.Жицко, В.Пичко, Р.Сухоруков, М.Стройнов, В.Котовский және т.б.. Северный савхозында 1956 жылы комсомол жолдауымен келген студенттер бастап, ауыл тұрғындары аяқтаған 2-қабатты жаңа мектеп салынды. Сонымен қоса қазақ тілінде оқытатын 2 сынып ашылды. Бірінші директоры Ворпаховская Я.Б.. Оқу ісінің меңгерушісі Титова Ж.С. Мектептін жанында бірқабатты интернат болды. 1968 жылы осы мектептің жанынан 2-ші ғимараты тұрғызылды. Мұнда 10 кабинет, спортзал, директор мен мұғалімдер бөлмесі болды. Оқушылар саны 1800-2000 болғандықтан, 2 аусымда оқыды. Кейін осы мектеп интернатқа ауысады.

      Қазіргі мектебіміздің қабырғасы 1987 жылы қаланды да, тұрақты қолданысқа 1991 жылы берілді. Мектепте 18 жұмыс кабинеті, химиялық лаборатория, 16 мыңдық данасы бар кітапханасы, мәжіліс залы, 120 орынға негізделген ас үйі, спортзал мен жаттығу залдары бар. Мектеп директоры қызметіне мектеп түлегі Никитенко В.А. сайланды. Мектеп заманауи жабдықтармен қамтылған: аудио- және видеотехника, интербелсенді тақталар, компьтерлік сынып, роботтехникасы кабинеттері бар. Мектеп директоры-Жүсіпов Нығмет Мұтәләпұлы, оқу ісінің меңгерушілері-Айтуарова Г.Б., Красильская Н.А., тәрбие ісінің меңгерушісі-Абигузин А.А..

      Қазіргі кезде метепте 31 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп түлектердің қатарында «Ұстаз жолын таңдаған» түлектер де аз емес. Солардың ішінде бүгінгі күні 18-зі туған метебінде кәсіби қызметін атқаруда. 3 ұстаз-жоғарғы санатты, 12 ұстаз-бірінші санатты, 10 ұстаз-екніші санатты, 6 мұғалім санатсыз.

      Мектеп түлектерінің арасында 16 оқушы мектепті үздік бітірген. Солардың қатарында алғашқы болып «Алтын белгімен» 1962 жылдың түлегі Алимова Нина Петровна аяқтап, соңғысы 2013 жылдың түлегі Аулабаева Айнұр болған.

      Сонымен қатар, Северный мектебінің оқушыларының спорттағы жеттістіктері, әсіресе қысқы түрлерінде әрдайым жоғары болған. Сонау 1966 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің негізін қалаған Топоренко Иван Семеновичтің бастамасымен бүгінгі күні Макышев Болат Кайкенұлының жалғасуымен оқушылардың спортқа деген қызығушылығы жоғары.

      Мектепте өзінің қалыптасқан дәстүрлер де бар: түлектер кеші, Топоренко И.С құрметіне өткізілетін шаңғы жарысы, мұғалімдер күніне орай оқушылардың өзін-өзі басқару күні және т.б.

Мектеп тарихы