e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда145625
Бір айда8386
Бір аптада1991
Кеше421
Тәулік14
Температура режимі

Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері

   Панфилов жалпы орта білім беру мектебінде 2016 жылы 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне және де «Балбұлақ» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің ашылуына арналған концерттік бағдарлама өткізілді.
   «Балбұлақ»  жазғы сауықтыру лагерінде 2-ші маусымда «Өнерге қанат қағамыз» атты тәрбиелік  сағат өткізіліп, әсем әуен, мәнерлеп оқу сайыстары болып, балалардың өнерлерін тамашаладық.
 
 
   3-ші маусым күні рәміздер күніне арнап мәдениет үйіне кітапханаға мерекелік концерттке бардық.
 
 
 
   4-ші маусым күні мектеп ішінде рәміздер күніне арнап «Ел рәміздері, ел мақтанышы» атты тәрбиелік сағат өткізілді. Мемлекеттік ән ұран орындалып, елтаңба мен туымыздың авторларын қайталап, викторина өткізілді.
 
 
 
   6-ші маусым  күні А.Б.Кайдауова «Жол ережесін жадында ұста» атты тақырыпта тәрбиелік сағат өткізіп, балалармен жол белгілерімен жолаушы кейіпінде саяхат жасап келді.
 
 
 
   7-ші маусым күні  «Күшті, мықты»  сайысы өткізіліп балалар өз өнерлерін сынға салып, білімдерін сынады. Сурет сайысына бар ықыластарымен қатысып, орындар тағайындалып, бірінші орын Киноятов Бекзат, екінші орын Слямбек Асия және үшінші орын Темирбулатов Сайлау иеленді.
 
 
 
   8-ші маусым күні қағаз қиындыларынан ертегі кейіпкерлерін сомдап балаларыдың еңсесі көтеріліп қалды. "Денсаулық фестивалі" акциясы шеңберінде таза ауада қызықты ойындар өткізілді.
 
 
 
   9-шы маусым күні «Отбасы тәрбие бастауы. Рахмет саған анашым» атты тәрбиелік іс-шарасында балалар аналарына арнап өлең мен мақал–мәтелдер айтып, белсенді сайысқа қатысты. Түскі астан кейінгі уақытымызды қол өнер шеберлерінің заттарын тамашаладық.
 
   
   10-шы маусым күні Ахмеджанова С.Б өткізген "Достық алаңы" атты тәрбиелік іс-шарасында бір-бірінің жақсы қырларын, қасиеттерін тани білуге көмектесті.
 
 
   11-ші маусым күні сиқырлы әріптер әлеміне саяхат жасап, әр әріптің қандай мағынасы бар екенің еске түсіріп, өз білген өлең тақпақтарын айтты.
 
 
   13-ші маусым күні «Туған жер» атты іс-шараға балалар бар ықыластарымен қатысты, өйткені туған жердің байлықтары мен әдеміліген сұрыптау балалар үшін бар мәртебе.
 
 
 
   14-ші маусым күні ЮИД «Белгілерді жатқа білейік» атты іс-шара өткізілді. Түстен кейінгі саяхат балалар үшін қызықты болды.
 
 
 
  15-ші маусым күні балалар үшін мерекелік дастархан жайылып, балалар екі топқа бөлініп қазына іздеу ойыны ойнатылды. Қазына іздеу барысында балалар бар ықыластарымен қатысты. Балаларды жазғы демалыстарын жақсы өткізуге тілектер айтылып, кішігірім сыйлықтар таратылды.
 
 
 

Мектеп туралы