e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда145625
Бір айда8386
Бір аптада1991
Кеше421
Тәулік14
Температура режимі

"Менің алғашқы ұстазым"

     Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Алғаш «әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған – мұғалім.              
     Осындай ұстаздардың бірі Нуриденова Ырысты Божайқызы. Ол бастауыш сынып мұғалімі. Бізді ең бірінші рет қолымызға қалам ұстатып, әріп үйреткен. Ырысты Божайқызы қарапайым жан, ақ көңіл, ешқашан қатал мінез көрсеткен адам емес. Ол әрбір шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға жолдама береді. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп тер төгеді.
      Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек! Сондықтан да ұлы Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең мағына жатыр.
 
11 сынып оқушысы: Мажимова Анара
 

Құрметті Ырысты Божайқызы!!!
Сізді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
      Адам баласының екі анасы болады, бірі – дүниеге әкеліп, ақ сүтін берген аяулы анасы болса, бірі – өмірге көзін ашып, білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстазы.  
     Ұстаз... Ұлағатты ана, кішіпейіл жан, аяулы жар. «Ұстаздық өнер – ұлы өнер» демекші, ұстаз болу екенің бәрінің қолынан келе бермейді.      
      Әрбір тұлға үшін алғаш  «Әліппе» ұстатқан ұстазы да, алғаш табалдырығын  аттаған мектебі де өте ыстық. Ұғынған адамға ұлағатты ұстаздың орны бөлек екен.
     Мұңайғанда мұңым мен сырымды, қуанғанда шаттығым мен жырымды бөлісетін бірінші – анам, екінші – ұстазым.
     Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда ұстаздық мейірін төккен жан – Ырысты Божайқызы. Ол – жарқын жүзді, күлім көзді, қатал да жұмсақ мінезді ұстаз. Қате басқан қадамымда сын көзбен қарап, қолын созса, қуанғанымда ақ тілегімен демеу берген ұстазым. Білмегенімді сұрасам, білгенінше түсіндіріп, терең оймен ұғындыра білген ақылшым.         
     Ұстаздың әр сабағын мен ғана емес, сыныптың бар баласы асыға күтетін. Ұстаздың әр қимылында еліктеп, әр сөзін жаттап алуға тырысатынбыз. Әр баланың жүрегінде ұстазға деген бір жылылық бар. Адасқан ақылымен жол сілтеп, жарықты нұсқаса, шаттағанда қосыла күлетін де ұстазымыз. Ардақты да аяулы ұстазымызға мына өлең шумақтарын тілегім келеді:
Ұстазым!
Жыр сазым,
Бір өзіңе, мың тағзым, Ұстазым!!!
 
Ізгі ниетпен тілек білдіруші: Қиноятова Залина
Мектеп туралы