e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда167473
Бір айда12669
Бір аптада4443
Кеше765
Тәулік10
Температура режимі

Түлектерге емтиханға қалай дайындалуға психологиялық ұсыныс

Емтиханға дайындалу:
 
Сабақ оқу үшін үйде орын дайындау: үстелдің үстінен керегі жоқ заттарды алап тастап, қажетті құрал-жабдықтарды кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қойыңыз.
 
Бөлменің ішіне сары және гүлгін түсті заттарды енгізу керек. Олар ақыл-ойды белсендендіреді, ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарасады.
 
Сабақтың жоспарын құрастыру. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер мен тақырыптар оқимын» сияқты нақты жоспарлар керек.
 
Ең қиынынан немесе нашар түсінетін материалдан бастау. Бірақ өте қиын болса, онда жеңіл немесе қызықты материалдан бастауға болады.
 
Сабақты оқу мен демалуды реттеу. 40 минут сабақ оқып, кейін 10 минут демалу. (Демалу кезінде ыдыстар жууға, гүлге су құюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға, әр түрлі ойындар ойнауға болады). 
 
Бүкіл оқулықты жаттауға тырысудың керегі жоқ.
 
Қағаз бетіне жоспар схемасын құру материалды қысқаша пайдалануда, тез қолдануда пайдалы.
 
Осы пән бойынша әр түрлі жарияланған тестерді көп орындау қажет.
 
Секундомерді қолға ұстап, жаттығу. Тесттерді қанша уақытта жасағанын есептеу. (1 тапсырма 2 минуттан)
 
Емтиханға дайындалу кезінде тапсырманы орындай алмаймын немесе күшім жетпейді деп еш уақытта ойлама.
 
Емтиханға бір күн қалғанда барлық жауаптарды тағы бір рет және ең қиын сұрақтардан бастап қайталап шық. 

 

 
 
Ата-аналарға