e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

tel. 871832 2-11-40

140500, Irtyshsk district

Irtyshsk, street 14 Baizakov

Road map
Helpline
8 71832 2 25 38
in a year138969
Per month12475
During the week2829
Yesterday635
day336
Temperature regime

Мектеп тарихы

 
1961 жылы совхоз директоры болып П.Н.Раденко сайланды. Совхоздың даму жоспарындағы ең негізгі мәселе бастауыш мектеп салу. Оған дейін балалар бейімделмеген мекемеде оқыған.
 
Ауыл тұрғындарының көмегімен (әсіресе әйелдер) 25 күннің ішінде жаңа жеті жылдық мектептің қабырғасы қаланды. 1969 жылы  жаңа үш қабатты мектеп, тар сынып бөлмелерінің орнына өзінің кең жарық сынып бөлмелерімен бүлдіршіндерге есігін ашты.
 
Біртіндеп мектеп сынып бөлме жүйесіне көше бастады. Қазіргі уақытта бізде 20 сынып бөлмесі бар. 
 
Информатика кабинеті 2009 жылы жаңа компьютерлермен жабдықталып, олар интернет желісіне қосылған. 
 
2010 жылы   биология кабинеті жаңа құрал – жабдықтармен жабдықталды.
 
 
2010 жылы өзін - өзі тану кабинеті ашылды және жаңа құрал жабдықтармен жабдықталды.
 
2010 жылы медбике кабинеті жаңа құрал жабдықтармен жабдықталды.
 
2010 жылы 30 тамызда «Балапан» шағын балалар орталығы  ашылды. 
 
 
Мектебімізде негізделген күннен бастап, әрқашанда әдістемелік деңгейде жұмыс істейтін үлкен бірлескен ұжым болды. Бұл ардагер ұстаздардың (М.Т.Кожимов, Д.С.Сембаев, Б.К.Тілеуов, А.Н.Ифандопуло, А.М.Ахметов, С.Н.Нұрғаламова, Г.Р.Какимова, Г.А.Резник) еңбегі.
 
Өзінің өмір сүру уақытында мектеп қаншама түлектерді ұшырды. Олардың көбі мемлекет құрамында жоғарғы орындардан көрінеді. М.Абдрашитов, А.Арынов, В.Бознак, Б.Сәрсенбинов, Т.Сұлтанов, Р.Симанбаев. Бүгін де көптеген оқушыларымыз жоғарғы оқу орындарына түсуде.
 
Мектеп – заманымен сай келе жатқан кеме, бұрынғы дәстүрін ұмытпайды. Әдістемелік күндер, фестивальдар, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары өткізіледі.
 
Түрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Олар: домбыра, би, сурет, жас шебер,  және спорттың түрлі секциялары.
 
Мектеп ауылдың мәдени орталығы болып табылады. Барлық қоғамдық жұмыстарға қатысады.

 

 
Мектеп туралы