Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы

Қарақұдық ЖОББМ туралы мағлұмат

«Ертіс ауданы Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп туралы жалпы  мағлұмат

 

1.1. 

Мекеменің толық аты    

“Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебі ” коммуналдық мемлекеттік мекемесі              

 

Мекенжайы:

Қарақұдық  ауылы,  Рамазанов көшесі

 

Құрылған жылы:

1978  жыл

 

Мекеменің жалпы алаңы:

  2749,4  ш.м.

 

Жоба бойынша мектеп қуаты:

464  оқушы

 

Жалпы оқу кабинеттер саны - 12, оның ішінде 1 информатика, 2 бастауыш сынып кабинеттері, тілдер  кабинеті, химия, физика,  АӘД, 1 оқу шеберханасы, 1 медициналық кабинет,  50 орындық мәжіліс залы, 36 орындық асхана, 1 кітапхана   бар. 1 кабинетке  интербелсенді тақта орнатылған. Математика және бастауыш сынып,қазақ тілі мен орыс тілі кабинеттерінде мультимедиялық құрылғылар бар.

Химия  кабинеті жиһаз және зертханалық құралдарымен жабдықталған.

Кітапхана қоры әдеби, әдістемелік және электрондық оқулықтармен  толықтырылуда.

            Жалпы оқушы саны – 45 оқушы

1-4 сынып аралығында – 23 оқушы

5-9 аралығында – 19 оқушы

10 -сыныпта – 3 оқушы

Сынып комплектілер саны – 6

1-4-сынып аралығында – 2 сынып

5-9-сынып аралығында – 3 сынып

10-11-сынып  аралығында – 1 сынып

Мектепте мектепалды даярлық тобының оқытылуы ұйымдастырылған. Топта 4 бала тәрбие алады. Даярлық тобының жұмысы оқытылу жоспарына байланысты  жүргізілуде. Тәрбиешісі –Сызаева Кунсулу Кабылбековна. 1,5 – 5 жастағы сәбилерге арналған  шағын орталық жұмыс істейді. Орталықта 10 бала тәрбиеленуде. Барлығы толық  мерзімде  қатынасады. Шағын орталықта 2 тәрбиеші,1 тәрбиеші көмекшісі, 1 аспазшы қызмет атқарады.

 

Оқыту  тілі:  қазақша

Мектептің  жұмыс  істеу  тәртібі: 1  ауысым

Оқушылар  саны – 45

Оқушылардың  ұлттық  құрамы:

Қазақтар-45

Оқу орнының басшылары:

Директор                                                Жакиенова Қымбат Қимышқызы

Оқу ісінің меңгерушісі                         Аманқұлова Үндемес Игеновна

Тәрбие ісінің меңгеушісі                     Сердалина Жанар Төлегенқызы

Психолог                                                Абенов Сарсен Калиевич

Тәлімгер                                                 Картбаева Асемгуль Есенжоловна Жантемировна

Спорт нұсқаушысы                             Шабиденов Әубәкір Мәдиұлы                     

Мектептің жұмыс тәртібі               І ауысым: 8.00  - 14.00

1.2. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

     Мектепте оқыту бағыты жаратылыстану – математикалық, бағдары – физика – математикалық.  Бейінді оқыту оқушылардың өзін-өзі айқындауда және іс жүзінде  өзін көрсете білуі мақсатында олардың алдағы өмірлік жолын жауапкершілікпен таңдауға әзір болуын қалыптастырады және ұйымдастырады.Болашақ мамандығын пайымдылықпен таңдауын айқындау үшін жағдай туғызу тұрғысындағы мақсатқа бағытталған педагогикалық ұжымның жұмысы қажет. Жаңаша оқыту жағдайында жүйелі білім беруде  10 – сыныпта оқушылардың таңдауы мен жүргізілген сауалнамалар бойынша «Физика ж/е Қазақстан энергетикасы»  , «Web - дизайн», ««Математикалық сауаттылыққа арналған есептерді шығару практикумы», «Қиындық туғызатын есептерді шығару»,«Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер» , «Геоурбонистика» қолданбалы  курстары  жүргізіледі.

Жаңалық енгізу процестері

а/ Қазіргі талапқа сай педагогикалық технологияны қолдану.

  • Екі мұғалім, Уакбаев А.Ж., Жакиенова К.К. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында  үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады. Бір мұғалім – Исабекова Р.А. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.
  • Қараев технологиясы –Көшербаева Н.Н., Аманкулова Ү.И.,Сердалина Ж.Т.,Уақбаев А.Ж.,.
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – Аманкулова Ү.И.,Исабекова Ж.К.

-  Дамыта оқыту технологиясы – Жакиянова Қ.С

 -Ұжымдық оқыту технологиясы –Шабиденов А.М.,Исабеков С.К.

-  Сатылай кешенді талдау технологиясы – Сердалина Ж.Т.,Аманкулова Ү.И..

  • Дидактикалық бірліктерді шоғырландырутехнологиясы – Көшербаева Н.Н., Жакиенова Қ.Қ., Нургалиева Г.А.

 

в/ Басқару жүйесінде

Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер жетекшілері, шығармашылық топ, жас мамандар тобы.

2018 – 2019 оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталғандар:

Аудандық оқу бөлімінің мадақтамалары: Кошербаева Н.Н.

Мектептегі  біліктілікті жетілдіру жүйесінің ерекшеліктері:шығармашылық жол сапарлар, ПКБАИ курстары, мектеп,аудан , облыс, республикадағы озық педагогикалық тәжірибелермен танысу, семинарлар өткізу.

Материалдық – техникалық база

 Жалпы кабинет – 12

 Арнайы  жабдықталған кабинеттер:

  • 1 информатика
  • 1 химия кабинеті
  • 1 физика кабинеті (интербелсенді тақта)
  • 1 оқу шеберханасы.
  • 1 қазақ тілі  кабинеті
  • 2 бастауыш кабинеті
  • 1 математика кабинеті
  • 1 тарих кабинеті
  • 1 орыс тілі кабинеті
  • 1 шетел тілі кабинеті
  • 1 мектепалды даярлық тобы кабинеті
  • 1 АӘД кабинеті

Компьютер сыныбы:

Барлығы – 14  компьютер

 

 Техникалық құралдармен жабдықталуы:

  • телевизор – 1
  • интербелсенді тақта – 1+ компьютер
  • мультимедия – 2 (проектор,экран,компьютер)
  • компьютер – 1 (оқу ісінің меңгерушісі, ноутбук)
  • компьютер – 1 (іс жүргізуші)
  • компьютер – 1 (кітапхана)

Спортзал – 1

 

І.3.Мектеп  қызметкерлері:

Мұғалімдер саны- 20

пән мұғалімдері(сабақ беретін) – 18

 

Білімі бойынша құрамы:

       жоғары білімді-  20( 100%)

       Сырттай оқитын – 1  (жоғары білім) 

Педөтілі бойынша құрамы:

   

       Мұғалімдер

    

      Барлығы - 20

   Пән мұғалімдері-18

   (сабақ беретін)

1

Жас мамандар

1жылдан 3 жылға дейін

2 -10%

1 – 5%

2

3 жылдан 8 жылға дейін

2– 10%

2 – 10%

3

9 жылдан 16 жылға дейін

3 – 15%

2 – 10%

4

17 жылдан 20 жылға дейін

2 – 10 %

2 – 10%

5

20 жылдан жоғары

12 – 60%

10 – 55%

Категория бойынша құрамы:

   

       категория

    

      Барлығы-20

   Пән мұғалімдері-18

   (сабақ беретін)

1

Жоғары

6 (28,5%)

6 (33,3%)

2

І

7 (33,5%)

6 (33,3%)

3

ІІ

4(28,5%)

4 (22,3%)

4

Санаты жоқ

3(9,5%)

2 (11,1%)

 

Ер мұғалімдер – 6 / сабақ беретін – 4

Жас ерекшелігі бойынша құрамы

        20 жастан 30 жасқа дейін –  4 (20%)

        31 жастан 40 жасқа дейін –  2 (10%)

        41 жастан 50 жасқа дейін –  9 (45%)

        51 жастан 60 жасқа дейін –  4 (20%)

Мұғалімдердің  орташа жасы –  41 – 50.

Кітапханашы –1

Аспазшы-1

Қызмет  көрсетулер – 18

Мед.бике – 1

 

 

І.4.  Педагогикалық кадр құрамының сапасы

 

Ұжым мұғалімдерінің білімділік деңгейі бойынша саралайтын болсақ, білімдерін көтеру, яғни, жоғары білімді мұғалімдер саны – 20.

Мұғалімдердің  білім сапасының көрсеткіші

 

 

Қалыптасып келе жатқан жүйе бойынша дарынды оқушылар анықталып, қабілеттері мен қызығушылықтарына қарай әр-түрлі интеллектуалдық, шығармашылық сайыстарға қатыстырылады. Жаңашыл технологияны өзіндік игеруге байланысты әдістемелік бірлестіктердің жұмыстары жоспарлануда.

Ұжымдағы мұғалімдердің жұмыс жасау қабілеттерінің орта жасы 30-дан 50 жас аралығында. Педагог кадрлардың өз біліктіліктерін жетілдіруде кәсіптік-шеберлік, білімділік жағынан мектеп тарапынан мұғалімдерге жағдай жасалуда.                                        

   Еліміздің болашағы қазіргі білім беру жүйесіне, оның негізгі сатысы орта мектептердегі оқу – тәрбиесінің нәтижесіне келіп тіреледі. Кез келген сабақты шығармашылық - әдістемелік амал – тәсілдермен түрлендіріп өткізу үшін әрбір мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік шеберлігін пайдаланады. Сондықтан да мектепте мұғалімдердің шеберлігін арттырып, шыңдай түсу үшін барлық жағдайлар жасалынған. Мектеп бойынша даярланған және аудан көлеміне таратылған: авторлық бағдарлама – 1 (Аманжолтану), жұмыс дәптерлері – 9 (Математика, физика, орыс тілі, бастауыш сынып, АӘД). Мұғалімнің басты міндеті өзін - өзі белсендіруге дайын өзгермелі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және құалыптастыру болса, өз міндеті педагогикалық құзіреттілікті дамыту және үнемі іздену. Мұғалімнің барлық ақпараттық жағдайлардан хабардар болуы – оның азаматтылығы мен елжандылығы. Осы негізде біздің мектеп мұғалімдері өз пәніне қажетті пән басылымдарына жазылып, тіпті өз жұмыстарымен республикалық басылымдарда еңбектерімен көзге түсіп жүр. Айта кететін болсақ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нургалиева Г.А.,Кошербаева Н.Н.,Исабекова Ж.К., Исабекова Р.А.,Жакиянова Қ.С.,Сердалина Ж.Т. - Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХҮІІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясының материалдарына мақаласы жарияланды (жинақ 2том,126-133.б.,2018ж.). Жыл  бойы мектеп  оқушылары аудандық,облыстық, республикалық  интеллектуалдық  сайыстарға  қатысты. 

10 – сынып оқушысы Хымбат Хулын облыстық  "Мағжан оқулары" - 2 орын, аудандық 2-орын.

7-сынып оқушысы Жұматай Фариза облыстық "Абай оқулары" 3-орын.

Аудандық "Мағжан оқулары" ғылыми жоба 2-орын.

5-сынып оқушысы Қанайбек Гулмерей аудандық "Иса оқулары" 3-орын.

“Достық шеберханасы”көрмесі - Муратова Нағима І орын

Спорттық нәтижелер:

  • Аудандық жеңіл атлетика- Муратова Нагима ІІ орын, Турсунова Махаббат ІІ орын.
  • Шахматтан  Республикалық сайыс “Шахмат планетасы”

Мектеп оқушылары шахматтан аудандық , облыстық  сайыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері.