Мектеп мұражайы
«Мұражай – өткен мен болашақты жалғастырушы»
«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті.
Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»
Елбасы Н. НАЗАРБАЕВ
Мектеп мұражайы туралы
Біздің мектебімізде 01.09.2017 жылы, туған өлкенің рухани – мәдени байлығын насихаттау, оқушылардың патриоттық рухын ояту, тарихи жәдігерлерді сақтау, құрметтеуін қалыптастыру мақсатында мектеп мұражайы құрылды.
Мұражай мектептің 2 қабатында орналасқан.
Мұражай ішін жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
Ашылу салтанатына ұжымның барлық мүшелері қатысты және олар да мектеп мұражайына өз үлесін қосып ескі, тарихи, құнды жәдігерлерді сыйға тартты.