Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда84142
Бір айда4568
Бір аптада1510
Кеше244
Тәулік186
Температура режимі

ЖАС ҰЛАН

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан»

бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына

екінші толқын оқушылардың қабылдануын өткізудің

тұжырымдамасы

 

Негізгі мақсаты

         «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Міндеттері:

-   мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру;

- мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.

 

Өткізілу орнын безендіру талаптары:

1.Мемлекеттік рәміздер (Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы).

2.Мерекелік безендірулер (шарлар, гүлдер және т.б.)

3.«Жас Ұлан» белгісі бейнеленген баннер.

 

 

 

Қатысушылар:

         Барлық (қалалық, аудандық, облыстық)  мектеп оқушылары, әкімшілік өкілдері, Маслихат депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ата-аналар.

 

 

Қабылдауды өткізу талаптары:

     «Жас Ұлан» қатарына қабылдауды өткізу Әкіммен (аудан, қала, облыс), сонымен қатар өңірлердің танымал адамдарымен, құрметті азаматтармен, жастар ұйымының көшбасшыларымен жүзеге асады. 

 

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға

қойылатын талаптар:

1.Облыстық, қалалық және аудандық олимпиадада орын алған жеңімпаздар.

2. Облыстық, қалалық және аудандық ғылыми-практикалық конференцияда  орын алған жеңімпаздар.

3. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстарының жеңімпаздары.

4. Республикалық,облыстық және қалалық шығармашылық байқаулардан орын алған жеңімпаздар.

5. Мектептегі өзін-өзі басқару органдарының көшбасшылары.

 

 «Жас Ұлан» төсбелгісі