Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда84130
Бір айда4556
Бір аптада1498
Кеше244
Тәулік174
Температура режимі

ЖАС МҰҒАЛІМ ҮШІН КЕҢЕСТЕР

1. Кабинетке қоңырау соғылғанша дейін кіріңіз.Сабаққа дайындықтарын тексеріңіз.(тақтаның тазалығы, көрнекі құралдардың бар болуы т.с.с.) Сыныпқа соңғы болып кіріңіз.Оқушылардың барлығы бірдей амандасулары керек.Сыныпқа кірген кезде, әсіресе тәртіпсіз балаларға көз салыңыз.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырыңыз. 

2. Сынып журналдағы пәніңіздің бетін алдын-ала үзілісте дайындап алыңыз.

3. Сабаққа жігермен кірісіңіз.Әр оқушы бос отырмай, іспен айналысу керектігін ұмытпаңыз.      

4. Материалдың қызықты мазмұны, қиын жағдаятты тудыру арқылы оқушыларды сабаққа тартыңыз.Сабақ шапшаңдығын бақылауда ұстаңыз. Өз күштерін тексеру үшін әлсіз оқушыларға көмек көрсетіңіз.Басқа іспен айналысып, сабақты бұзатын оқушыларды бақылап отырыңыз.


5. Басқа іспен айналысатын оқушыларға жиі сұрақтар қойыңыз.

6. Одан да жоғары баға алу үшін оқушыға нені қайталау керектігін айтыңыз.

7. Сабақты сыныптың жалпы бағасы және жеке оқушының бағасымен аяқтаңыз.Өздері жасаған еңбек нәтижелеріне қанағат етсін.Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстарында оң жағын атап көрсетуге ұмытпаңыз, бірақ жиі қайталамаңыз.          
8.Сабақ қоңырау соғылған уақытта аяқталуы тиіс.Кезекші міндеттері жайлы жиі айтыңыз.

9. Артық ескертулер жасаудың қажеті жоқ          

10. Басқа біреудің көмегіне жүгінбей, тәртіпсіз оқушылармен өзіңіз жұмыс жасауға тырысыңыз.  Есте сақтаңыз: біреудің көмегіне жүгінсеңіз,өз беделіңізден айырылып, сізге кері әсері тигізуі мүмкін.Одан да сыныптан көмек сұраңыз.