e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Құрметті ата-аналар мен түлектер! Мектеп бітіру кешін қай жерде өткізгенді қалайсыздар?
Аудандық орталық аланында - 47
Аудандық Мәдениет үйінде - 8
Мектепте - 8
Всего проголосовало: 63
Бір жылда150990
Бір айда12485
Бір аптада1322
Кеше268
Тәулік3
Температура режимі

АТА – АНАЛАР ЖАДЫНАМАСЫ

  1. 2017 жылғы ҰБТ – ның жаңа форматы
  2. ҰБТ – ның жаңа форматы мектеп бітірушілер үшін Қорытынды аттестаттау (ҚА) және жоғары оқу орындарына түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) болып бөлінуімен ерекшеленеді.

 

  • Қорытынды аттестаттау- мектеп түлектері 4 міндетті,  1 таңдау пәнінен тұратын, жалпы орта білім берудің міндетті мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады.
    • шамамен 29 мамыр - 9 маусым аралығында түлектердің оқу орнында өтеді;
    • Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырғандарға жалпы орта білімі туралы аттестат беріледі;
    • Қорытынды аттестаттаудағы таңдау пәні ЖОО-на түсу кезіндегі  таңдалған мамандыққа әсер етпейді.
  • Ағымдағы жылы ЖОО-на түсу үшін ҰБТ–ға қатысады:
    • осы жылғы мектеп бітірушілері;
    • қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектеп бітірушілері;
    • республикалық музыкалық мектеп – интернаттарының бітірушілері;
    • «Алтын белгіге» үміткерлер;
    •  жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;
    • жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;
    • АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері;
    • халықаралық мектеп бітірушілері.

 

 

 

2.ҰБТ - ның  мерзімі мен ұзақтығы

  • Тестілеу ҰБТ өткізу пунктерінде (ҰБТӨП) 20 маусымнан 1 шілде аралығында өткізіледі.
    • Өтініштерді қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін;
    • Тестілеу 20 маусым 1 шілде аралығында;  
    • ҰБТ-ның басталу уақыты  – сағат 09.00 (жергілікті уақыт бойынша);
    • ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3 сағат 50 мин
    • Тестіленушіге дәлелді себеппен (әжетханаға, медициналық бөлмеге) шығуға тек уәкілетті тұлғаның алып жүруімен тестілеудің бірінші сағатынан кейін 1 сағат 30 минут ішінде рұқсат етіледі. Осыдан кейін тестілеу аяқталғанша аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.

 

3.Тестілеу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  • Тестілеу кезінде тестіленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету  алдын алу мақсатында   жүзеге асырылады:
    • Жарылғыш құрылғылардың бар жоғын анықтау үшін ғимаратты тексеру;
    • Тестілеуге кіру барысында  металіздегіштермен тексеру;

x  Тестілеу барысында ҰБТ-ның  ашықтығын және объективтілігін сақтау мақсатында тұңшықтырғыш құралдары мен бейнебақылау құрылғылары қолданылады.

 

4.Тестілеудің нәтижелерін жариялау

 

  • Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелерін:
    • ҰБТӨП ақпараттық қабырғаларында (емтихан ведомостері)
    • Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kzсайтында. Тестіленуші нәтижесін сайт арқылы көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажет.

 

 

 

5. Апелляция

  • Тестілеу нәтижелері бойынша келіспеушілік болғанда   тестіленушінің өзі келесі күнгі сағат 13:00  дейін ҰБТӨП – де аппелляциялық комиссияға бере алады.
  • Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсету қажет.

 

6. Сертификат

  • ҰБТ нәтижесі туралы сертификат.
  • Сертификаттың жарамдылық мерзімі – ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
  • Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.

 

7. Шығармашылық (арнаулы) емтихан

  • Шығармашылық дайындықты талап етуші мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихан тапсырады.
  • Шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі және емтихандарды өткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
  • Шығармашылық емтихан және өтініштерді қабылдау  оқуға жоспарланған ЖОО-да тапсырылады
  • Шығармашылық емтиханның мерзімі:
    • Өтініштерді қабылдау: 20 маусымнан 7 шілдеге дейін;
    • Емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін бітірушілер үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу бөлімі бойынша баллдар ескеріледі.

  • Әрбір шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл – 40.
  • Шығармашылық емтихан ескергендегі  максималды балл – 120.
  • Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған бітірушілер үшін бір арнайы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу)  ЖОО орнында өткізіледі.
  • Арнаулы емтиханның мерзімі:
    • Өтініштерді қабылдау және емтихан 20 маусым нан 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
    • Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.
    • Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орынына ұсыну үшін ведомстан көшірме беріледі.

 

8.Жоғары оқу орындарына түсушілер

 

xҚР жоғарғы оқу орындарына қабылдау  келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттары) орналастыру арқылы;
  • азаматтардың өз қаражатынан және басқа көздер есебінен.
  • Білім беру гранттарыконкурс негізінде ҰБТ

сертификатындағы балдарға сәйкес беріледі:

  • нақты мамандындағы;
  • тіл бөліміне қарай;
  • оқыту түріне қарай;

xжоо  оқуға түсуші қабылдау комиссиясына тағайындау конкурсына қатысу үшін тапсырады:

  • арнайы белгіленген бланктегі;
  • білімі жайлы құжат (түпнұсқа);
  • ҰБТ сертификаты;
  • 2 фотосурет (көлемі 3х4);
  • 086-У нысандағы медициналық анықтама;
  • жеке куәлік (көшірмесі).
  •  Білім беру гранттарын тағайындаубойынша конкурсқа өтініштерді  қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі.
  •  Конкурста ҰБТ пәндерінің 1 және 2 блок  бөлімдері, шығармашылық мамандықтар үшін 1 блок бөлімдері (Қазақстан тарихы және  оқу сауаттылығы (оқу тілі) және шығармашылық емтихандар бойынша баллдары есепке алынады.
  • Конкурс нәтижесінде білім гранты тағайындалғандығы туралы куәлік беріледі.
  • Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан соң бұқаралық ақпарат құралдарында  («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады.

 

9.ЖОО – на түсудің икемді шарттары

 

  • ҰБТ – ны қайта тапсыру арқылы ЖОО –ның ақылы бөліміне түсуге болады.
  • Шектік баллды ала алмағандар, нәтижелері жойылғандар және ҰБТ – ға қатыспағандар ҰБТ-ны  қайта тапсыра алады.
  • ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:
    • Өтініштерді қабылдау 1 - 8 тамыз аралығында;
    • Тестілеу 19 -24 тамыз аралығында өткізіледі.
  • ҰБТ қайта тапсыру кезінде шектік балды ала алмаған түсушілер бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін тестілеуді қайта тапсыра алады.
  • ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:
    • Өтініштерді қабылдау 5 - 12 қаңтарға дейін;
    • Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.

 

10.Білім беру кредиті

  • Білім беру кредиті– қаржы ұйымдарының мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
  • Несие Қазақстанның әр ірі қалаларының банк-серіктестері бөлімшелерінде беріледі.
  • Кредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі;
  • Білім беру кредитін алу үшін:
  • 1.қадам - кеңес алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ немесе банк-серіктесімен хабарласу;
  • 2.қадам - қажетті құжаттарды банк-серіктеске ұсыну;
  • 3.қадам - банктің және Қаржы орталығының оң шешімінен кейін несие сомасын оқу орнының есебіне аудару жүзеге асырылады.
  • Кредитті рәсімдеу үшін Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
    • жеке куәлік;
    • тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
    • ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
    • білім алу  шарты немесе оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты;
    • қарыз алушыдан 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.
  • Кредитті рәсімдеу үшін қосалқы қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
    • Жеке куәлік
    • Тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
    • Табысы туралы жұмыс орнынан анықтама қағазы;
    • Жеке зейнетақы шотынан соңғы алты ай бойынша үзінді көшірме;
    • Банк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.

 

Білім беру кредиті туралы толық ақпаратwww.fincenter.kzсайтында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(мәліметтер ҰБТ – ны өткізу тәртібі белгіленген ҚР «Білім туралы» заңы және басқа да  нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілген (өзгерістер болуы мүмкін).

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығы

 

 

 

 

 

 

АТА – АНАЛАР ЖАДЫНАМАСЫ

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017

Ақпараттар