e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда140596
Бір айда10315
Бір аптада2344
Кеше469
Тәулік33
Температура режимі

Жаңа форматты ҰБТ ны ұйымдастыру

Жаңа форматты ҰБТ ны ұйымдастыру

Биылғы мектеп түлектер үшін ҰБТ-ны 2 кезеңге бөлінеді.

1. Қорытынды аттестаттау — бұл мемлекеттiк бiтiру емтиханы.

2. ҰБТ — жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бiтiрушi емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның iшiнде 4 мiндеттi (ана (қазақ) тiлi, орыс  тiлі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және

оқыту бейiнi (ҚГБ және ЖМБ) ескерiле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтедi.

Барлық емтихандар, оның iшiнде тестiлеу де бiлiм алушының өзi оқитын мектебiнде өтедi.

Емтихандардың тiзбесi және нысаны мынадай:

1)Ана тiлi және әдебиетiнен (оқыту тiлi) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат берiледi.

2)Алгебра және анализ бастамалары пәнiнен жазбаша емтиханға

 5 астрономиялық сағат берiледi. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екi сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негiзгi бөлiмдерiнен теориялық сұрақтар, 3-шi сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескiндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).

4) қазақ тiлiнде оқытатын мектептерде орыс тiлiнен тестiлеу (берiлген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

5) Таңдау бойынша бiр пәннен  оқушының өз таңдауы бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзi тарихы, әдебиет, шетел тiлi (ағылшын, француз, немiс), информатика пәндерiнiң бiреуiн таңдайды) тестiлеу.

Екi пән бойынша тестiлеу мектепте бiр күнде өтедi.

        Емтиханға берiлген бағалаумен келiспеген жағдайда, бiтiрушi келесi күнгi сағат 13.00-ге дейiн аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерiнiң және облыстық бiлiм басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.

        Емтихандар  2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтедi.

        Мектеп бiтiру кештерi мектепте 2017 жылғы 11 маусымда өткiзуін жоспарланып отыр.

Мектеп түлектері аттестат алған соң, жоғары оқу орнына түсем дегендер  ҰБТ — жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын ҰБТ орталықтарында тапсырады.ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған.

 

 

Міндетті пәндер: 
1) Оқу сауаттылығы 
2) Математикалық сауаттылық 
3) Қазақстан тарихы 
ҰБТ-2017 жаңа форматы берілген тест тапсырмаларының түрі және оның мазмұны төмендегідей: оқу сауаттылығына арналған 4 мәтін 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы. 1 сұраққа дұрыс жауапқа 1 баллдан береді. Оқу сауаттылығы-оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, түсіне білу. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды,  мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады. 

Математикалық сауаттылығынан 20 сұрақ, 1 балдан беріледі. Математикалық сауаттылығы- әлемдегі математиканың рөлін  айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

2 бейінді пәндер (Математика, Физика, Биология, Химия, География, Тарих, Ағылшың/Неміс/Француз тілі, Адам.Қоғам.Құқық, Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті)  жоғарғы оқу орындарының мамандықтар тізбесіне қарай таңдалады.ҰБТ қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсыруға болады.Тест тапсырмаларының саны – 120

Максималды  балл  саны- 140

Тестілеу уақыты 3,5 астрономиялық сағаттықұрайды.

ЖОО-ның  барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы,  математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар). 

«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі

Оқуға тапсыру кезеңдері: 20 маусымнан 1 шілдеге дейін.

 Шығармашылық емтихандар 5-нен 10 маусым аралығында тапсырады. Төмен ұпай алғанда қайта тест тапсыруға өтініш жазып, 2017 ж тамызы мен 2018 қаңтарда  ақылы түрде оқу үшін қайта тест тапсырады. Оқу орнына түсу үшін - 50 ұпай.

 

 

Ақпараттар