e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда140596
Бір айда10315
Бір аптада2344
Кеше469
Тәулік33
Температура режимі

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ІІІ нұсқа

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ      ІІІ нұсқа

Туризм: экотуризм                

1-мәтін

            Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі мен жергілікті ғалымдар, биолог, эколог, оқушылар, студенттер, туристердің қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу-маржаны болып табылады. Мысалы, Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтары 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. 2000 жылы Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне енсе, 2007 жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008 жылдың маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енгізілді. Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады. Бұған қоса қорық аумағының ұзақ уақыт бойы қорғауда болуы тұмса табиғатты бастапқы күйінде сақтауға мүмкіндік берді. Аталған табиғи жағдайлар аумақты рекреациялық мақсатта игеруге мүмкіндік береді.

 

1.Мәтін қай стильде жазылған?

А) публицистикалық стиль

В) ғылыми стиль

С) көркем әдебиет стилі

Д) ресми-ісқағаздар стилі

Е) ауыз екі сөйлеу стилі

 

2. 2008 жылы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы қандай тізімге енгізілді?

А) «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне

В)  Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтарына

С) Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарына

Д) ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне

Е) Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа

 

3. Берілген үзінді мәтіннен алынған ба?

Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады.

А) Иә

В) жоқ

 

4. Қай жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді.

А) 2000  В) 2007  С) 1974  Д) 2018  Е) 2015

 

5. Қорық 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. Себебі:

А) жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан

В) далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездескендіктен

С) сулы-батпақты аумаққа жататындықтан

Д) құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдары қиылысқандықтан

Е) қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқандықтан

 

 2-мәтін.

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.

            Рекреация — күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.
Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

            Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, климатпен емдейтін болып екіге бөлінеді.

6.Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер қалай аталады?

А) курорттық аудан

В) санаторий

С) рекреациялық аудан

Д) сауықтыру орталығы

Е) шипажайлы аудан

 

7. Берілген сөйлем мәтінмен сәйкес келе ме?

Қазір Республикамызда 150ен астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.

А) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 130 курорт бар делінген

В) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 110 курорт бар делінген

С) сәйкес келмейді

Д) сәйкес келеді

Е) сәйкес келеді бірақ, мәтінде қателік кеткен

 

8. Тиісті сөзді қойыңыз

Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, ............ емдейтін болып үшке бөлінеді.

А) ауамен

В) дәрі-дәрмекпен 

С) тамақпен  

Д) диетамен   

Е) климатпен

 

9. Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары қай жылдары ашылды.

А) 1920-1925   В) 1834-1880  С) 1925-1930   Д) 1915-1920   Е) 1910-1920

 

10. ХІХ ғасырдың орта кезінде қандай мәліметтер белгілі бола бастайды?

А) Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы

В) Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер

С) Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер

Д) Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері

Е) Табиғаты ғажап әдемі жерлер

 

3-мәтін. Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жераралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерд ікөріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек.Осы орайда Пауло Коэльо мынадай саяхат ережелерін ұсынған:

  1. Ойын-сауық орталықтарына бар.Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көре аласың, ой түйесің. Ойын-сауық дегенде, би кештері өтетін немесе адамдар ішетін жер емес, жергілікті тұрғындар, қарапайым халық жиналатын орта айтылып тұр. Газет сатып ал да, орындыққа жайғас, өткен кеткендерді сырттай бақылап көр. Біреу сені сөзге тартқан болса, барыңды салып, сөйлесіп көр.
  2. Ашық бол. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең, екіншісі сенің көңіліңнен шығады. Жақсы адамдар кездесіп жатса, бір күн бойы кез келген сауалыңа жауап алып, ең жақсы жерлермен серуендей аласың.
  3. Салыстырма.Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа. Ешбіріне! Сен өзіңнің жақсы өмір сүретініңді дәлелдеу үшін саяхат жасамайсың. Өзгенің өмірімен етене таныс, үйренетіңді алып, жиренетініңнен бас тарт!
  4. Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма. Пауло Коэльо көптеген елдерде болды. Ол сол елдің бірауыз сөзін білмесе де, әрдайым көмек қолын созатындарды тапты. Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды. Өзің тоқтаған қонақ үйдің визитті картасы қалтаңда болса – қорқатын дәнеме жоқ. Кез келген жүргізушіге көрсетсең, керек жеріңе уақытында жеткізеді.
  5. Саяхат – бұл шытырман оқиғалар.Бірақ жаттанды жолдармен жүру – жаңалық емес. Өзіңді еркін сезін, өзің әлі білмейтін дүниені іздеп тап, бұл сенің өміріңді өзгертуі мүмкін…

11.Кім әлем елдеріне саяхат жасау үшін ереже ұсынды

А) Джек Лондон    В) Эймел Риос   С) Пауло Коэльо    Д) Антон Митин     Е) Фридрих Генри

 

12. Нешінші ереже?

Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа. Ешбіріне! Сен өзіңнің жақсы өмір сүретініңді дәлелдеу үшін саяхат жасамайсың. Өзгенің өмірімен етене таныс, үйренетіңді алып, жиренетініңнен бас тарт!

А) 1   В) 2   С) 3   Д) 4   Е) 5

 

13. Ең мықты гид-

А) көлік жүргізушісі

В) сол ауданның әкімі

С) оқытушы

Д) жергілікті тұрғын

Е) көшедегі жаяу жүргінші

 

14. Қай ережелерде кездеседі?

Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды.

Өзіңді еркін сезін.

А) бірінші, екінші    В) екінші, үшінші     С) үшінші, төртінші    Д) төртінші, бесінші   Е) бесінші, бірінші

 

15. Ережелерде кездесетін сұрақ?

А) Сен ағылшын тілін білесің бе?

В) Қайда баруға болады?

С) Маған жол көрсете аласыз ба?

Д) Қай көшеде тұрмын?

Е) мен баратын жер алыс па?

4-мәтін.          Алматыға ат басын бұрған туристер де қала күніне арналған мерекелік шаралардан шет қалмайды. Қала мерекесіне орай «Алматы-сити-тур» компаниясы шетелдік азаматтарға арнайы жоба дайындапты. Олар туристерге қаланы көрсетіп, мәдени орталықтармен таныстыруда. Шетелдік туристер Алматының тарихи-мәдени орталықтарында болып, қазақ елінің оңтүстік астанасымен етене танысқан.

 

28 жастағы Еймел Риос — Куба азаматы. Бұл оның Қазақстанға алғаш рет келуі емес. Жұбайымен бірге елімізге келген олар қыркүйектің басынан бері Алматыны аралап, қаланың көркіне қаныққан.

       — Алматы өте қатты ұнады. Мен қазір 28-панфиловшылар саябағында тұрмын. Саябақ тарихи өте маңызды екен. Мынау тау Алматының көркін асқақтатып тұрғандай. Шынымды айтсам, реті келіп жатса, әлі де қайтып келемін деп ойлаймын, — деп ағынан жарылды Еймел Риос.

 

Бұл шет елден келген азаматтарды «Алматы-сити-тур» компаниясы тасымалдауда. Олар қала күні аясында туристерге Алматыны көрсетіп, алдағы күні өтетін мерекелік кештер жөнінде құлақтандырып жүр.

Ал  «Almaty City Tour» компаниясының директоры Антон Митин:

-Қала күні аясында біз туристерге арнап арнайы жоба әзірледік. Ол шетел азаматтарына Алматының тарихын біліп, қаланы тамашалауға мүмкіндік береді. Тек туристер емес, Алматыға алғаш келген өзіміздің азаматтар болса да біздің көмегімізге жүгінсе болады. Туристер бүгін де қаланың тарихи мәдени орталықтарын аралады. Медеу мұз айдынына шықты, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына көтерілді. Тіпті, оларға түрлі демалыс орталықтарына арналған жеңілдік купондары да тыбыс етілді,— деді.

        —Негізі біздің компания туристерді тасымалдаумен айналысады. Жобадан бөлек, еліміздің қай жеріне барсаңыз да, біздің көмегімізге жүгіне аласыз. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында бөлімшелеріміз жұмыс істейді, — деп жалғастырды «Almaty City Tour» компаниясының қызметкері Еламан Рақымберді.

         Шетелдік азаматтарға арнап осындай тамаша экскурсия ұйымдастырған «Алматы сити тур» компаниясы осыған дейін де 500-ге жуық туристке қаланы таныстырған. Бұл  жобаның басты мақсаты қазақ жеріне туристерді барынша тарту.

16. Арнайы жоба жасаған компания

А) Алматы- Тоурес   В) Алматы-сити-тур    С) Гульнур турагентігі  

Д) Алматы-туризм    Е) Алматы-тур-сервис

 

17. Туристерге қаланың тарихи мәдени орталықтарын аралатып,  Медеу мұз айдынына, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына апарған қай компания?

А) Алматы-сити-тур   В) Гульнур турагентігі   С) Алматы-туризм    Д) Алматы-тур-сервис

Е) Алматы-сити-тоурес

 

18. «Алматы сити тур» компаниясының мақсаты не?

А) ақша үшін туристерді жинау   

В) елімізді көркейту үшін үлес қосу  

С) қазақ жеріне туристерді барынша тарту      

Д) өздерін шетелдіктерге таныстыру     

Е) жақсы жұмыс жасау

 

19. Кімнің сөзі?

Мен қазір 28-панфиловшылар саябағында тұрмын. Саябақ тарихи өте маңызды екен.

А) Антон Митин  В) Алексей Зоргин  С) Эймел Риос   Д) Пауло Коэльо      Е) Антонио Гонсалиес

 

20. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында бөлімшелерінің жұмыс жасайтынын айтқан кім?

А) Антон Митин   В) Эймел Риос  С) Алтынбек Сахиев  Д) Еламан Рақымберді   Е) Алексей Зоргин

 

 

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ  ІҮ нұсқа

Зияткерлік (Интеллектуалдық) миграция

1-мәтін. Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 жылы солтүстік-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қазақ диаспорасының әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, көшпенді қазақ тайпалары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жөңкіле көшкен.

            Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардияшылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солтүстігінде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған.

            Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.

1.Мәтіндегі 1 абзац не туралы?

А) қазақ халқының ұлан-байтақ жері туралы

В) қазақ халқының салт-дәстүрі туралы

С) қазақ халқының еркіндікке қол жеткізгендігі туралы

Д) қазақ халқының басынан кешкен қиындықтары

Е) қазақ халқының қиын-қыстау кездердегі көшіп-қонуы

 

2. Алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында көшіп кеткен адам саны:

А) 200   В) 1,9млн  С) 200мың  Д) 1723   Е) 1999

 

3.  Берілген сөйлемдегі қателікті тап

1723 жылы солтүстік-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік-шығысқа қарай көш ығыстырды,

А) 1923ж   В) солтүстік-батыс  С) ұлт-азаттық көтеріліс  Д) оңтүстік-батыс   Е) көшкен жоқ

 

4. Сөйлемді жалғастыр

Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші

А) Қытайға көшіп кетті            В) Сібірді паналағандар     С) Моңғолияда қалып кетті

Д) Ауғанстанға ауып барған    Е) жоғалып кеткендер

 

5. Қазақстанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы заңның” міндеті қандай?

А) шет аймақтардан көшіп келген қандастарымыздың тұрмыстық жағдайын реттеу

В) шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу

С) шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келгендеріне үй беру

Д) шет аймақтардағы қандастарымызды жұмыспен қамту

Е) шет аймақтардағы қандастарымыздың Отанына көшіп келгенін мерекемен атап өту

 

 2-мәтін. Осыған дейін баспасөз беттерінде жарияланғандай, бұдан былай әрбір гастарбайтер мемлекетке жылына 44 мың 448 теңге салық төлейді. Ал, ҚР Салық кодексі еңбек мигранттарына жеке табыс салығын салу тәртібін реттейтін нормамен толығады. Яғни, елімізге уақытша жұмыс істеуге келген шетелдік азаматқа жеке сәйкестендіру нөмері беріліп, оны алу үшін шетелдік жұмыскер уақытша тұрып жатырған жеріндегі салық органына өтініш жазады. Шетелдік азамат рұқсатты бір айға алатын болса, ай сайын 3 мың 704 теңге төлем төлеуі қажет. Егер рұқсат беру бір жылға ұзартылса, бұл сома 44 мың 448 теңге болады. Жұмыс беруші ешқандай салық төлемейді, тек қарамағына еңбек етуге келетін шетелдік жұмысшымен еңбек келісім-шарттарын жасаса жеткілікті. Бұл норма елімізге визасыз тәртіппен келетін ТМД азаматтарына, оның ішінде заңсыз еңбек мигранттарының басым бөлігін құрап отырған Орта Азия өңірі елдеріне бағытталады. Алғашқы үш ай жұмыс істеген жеке тұлғалар мерзім өткен соң бір жылға рұқсат ала алады. Бір жылдан соң еңбекші өз еліне кері қайтарылуы тиіс. Бұл Заң негізінде елімізде заңсыз  жүрген еңбек мигранттарының жұмысы заңдастырылып, оларға бақылау күшейіп, еңбек мигранттарының салығы есебінен бюджет түсімі артады деп күтілуде. Аталған салықтық норма енгізілгеннен кейін бюджетке жылына 10 миллиард теңге шамасында қаражат түседі деп жоспарлануда.Тағы бір айта кетер жайт, шет елдік жеке тұлғалармен келісім-шартқа отырған қазақстандық кәсіпорын, заңды тұлғалар да заң бұзылған жағдайда жауапкершілікке тартылады.Елбасы қол қойған бұл Заң ақпан айынан бастап өз күшіне енбек. Заң еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған.

6.ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгертулер

А) еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру

В) еңбек мигранттарына жеке табыс салығын салу

С) заңсыз  жүрген еңбек мигранттарының жұмысы заңдастыру

Д) еңбек мигранттарының салығы есебінен бюджет түсімі арттыру

Е) еңбек етуге келетін шетелдік жұмысшымен еңбек келісім-шарттарын жасау

 

7.Шет елдік жеке тұлғалармен келісім-шартқа отырғандар (кімдер) заң бұзылған жағдайда жауапкершілікке тартылады

А) еңбек көші-қоны саласындағылар

В) қазақстандық кәсіпорын, заңды тұлғалар

С) мемлекеттік саяси қызметкерлер

Д) ТМД азаматтары

Е) уақытша жұмыс істеуге келгендер

 

8. Бұл Заң негізінде елімізде заңсыз  жүрген еңбек мигранттарының жұмысы заңдастырылып, оларға бақылау күшейтіледі және

А) көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталады

В) шетелдік азаматқа жеке сәйкестендіру нөмері беріледі

С) заң бұзылған жағдайда жауапкершілікке тартылады

Д) еңбек мигранттарының салығы есебінен бюджет түсімі артады

Е) рұқсат беру бір жылға ұзартылады

 

9. Елімізге уақытша жұмыс істеуге келген шетелдік азаматқа жеке сәйкестендіру нөмері беріліп, оны алу үшін шетелдік жұмыскер уақытша тұрып жатырған жеріндегі салық органына не жазады

А) келісім шарт  В) қолхат   С) арыз  Д) өтініш    Е) сенімхат

 

10. Шетелдік азамат рұқсатты бір айға алатын болса, қанша төлем төлеуі қажет?

А) 3 мың 804 теңге

В) 10 миллиард теңге

С) 44 мың 448 теңге

Д) 3 мың 704 теңге

Е) 3 мың 701 теңге

 

 3-мәтін. Оралмандар – бұл Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алған сәтінде азаматтық алмаған және Қазақстанға тұрақты тұруға келген қазақ ұлтты шетелдіктер немесе адамдар. «Оралман» түсінігінің өзі әлемдік тәжірибеде бұндай термин жоқтығымен бірегей, қазақ тіліндегі «оралғандар» сөзінен шыққан. Оралмандар басқа да иммигранттар сияқты уақытша  немесе тұрақты тұрғылықты мекенжайы  бойынша тіркелуге міндетті. Оралмандар төменде сипатталған мемлекеттен жеңілдіктер мен квоталарға құқылы. Халықтың көші-қоны туралы заңға сәйкес оралмандарға белгілі бір жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері ұсынылады:

1) оралмандарды бейімдеу және біріктіру орталықтарындағы тегін бейімдеу және біріктіру қызметтері, олар мыналарды қамтиды:

-ақпараттық және анықтамалық қызметтерді ұсыну;

-ҚР тарихы, мәдениеті және дәстүрі бойынша, заңнама негіздеріне және шағын бизнесті ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;

-әр түрлі мәдени іс-шараларды өткізу;

құқықтық көмек көрсету;

-аударма бойынша қызметтерді көрсету;

-жұмысқа орналастыруда, кәсіби дайындықта, қайта даярлауда және біліктілікті арттырудағы көмек;

-тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін  қамтамасыз етуге қатысу;

-мемлекеттік  мекенжайлық әлеуметтік көмекті  алуға әрекеттесу;

-қазақстандық азаматтық алу және құжаттандыру мәселелеріне әрекеттесу;

2) ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек;
3) ҚР азаматтарымен тең мектептердегі және мектепке дейінгі ұйымдардағы орындармен, жоғары оқу орындарына түсуге бөлінген квотаға сәйкес білім алу мүмкіндігі;

4) ҚР азаматтарымен қатар әлеуметтік көмек;

5) ҚР заңнамасына сәйкес жұмыспен қамту.

 

11. Оралмандарға не міндеттеледі

А) Халықтың көші-қоны туралы заңмен танысу

В) Анықтамалық қызметтерді ұсыну

С) Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелу

Д) Аударма бойынша қызметтерді көрсету;

Е) Әр түрлі мәдени іс-шараларды өткізу

 

12. Оралман сөзінің қазақ тіліндегі атауы

А) оралып келгендер    В) оралғандар   С) оралмандар    Д) еліне келгендер    Е) қазақтар

 

13.  Оралмандарға ұсынылатын көмек түрлері қандай Заңға сәйкес орындалады

А) ҚР Ата Заңы

В) Құқық қорғау органдары туралы Заңы

С) Балалар құқығын қорғау Конвенсиясы

Д) Халықтың көші-қоны туралы

Е) Білім туралы Заңы

 

14. Заңға сәйкес оралмандарға белгілі бір жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік

көмектің басқа да түрлері ұсынылады: (қанша)

А) 1    В) 2    С) 3    Д) 4      Е) 5

 

15. ҚР заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуоралмандарға берілетін көмек түрлеріне кіре ме?

А) иә     В) жоқ

 

16. Ресми ісқағаздар стилінде жазылған мәтін?

А) бірінші   В) екінші және үшінші    С) бірінші және екінші   Д) үшінші   Е) бірінші және үшінші

 

17. Екінші мәтінде не туралы айтылған?

А) ҚР азаматтарымен қатар әлеуметтік көмек;

В) Халықтың көші-қоны туралы Заң

С) Ақпараттық және анықтамалық қызметтерді ұсыну;

Д) Құқық қорғау органдары туралы Заңы

Е) шағын бизнесті ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;

 

18. Қазақ халқының көшіп-қонуы қай кезден басталған

А) Ақтабан шұбырынды кезінде

В) Ұлы Отан соғысы кезінде

С) Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде

Д) Тәуелсіздік алған кезде

Е) Қазақ халқы көшпеген

 

19. Бірінші мәтінде кездесетін сөйлем

А) Оның ішінде заңсыз еңбек мигранттарының басым бөлігін құрап отырған Орта Азия өңірі елдеріне бағытталады.

В) Халықтың көші-қоны туралы заңға сәйкес оралмандарға белгілі бір жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері ұсынылады:

С) Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған.

Д) Бірінші мәтінде кездесетін сөйлем жоқ

Е) Заң еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған

 

20. Қазақ ұлтты шетелдіктер кімдер

А) шет елден жұмыс жасауға келгендер

В) оралмандар

С) шетелдіктер

Д) шет елге кеткен адамдар

Е) қазақтар

 

 

Ақпараттар