e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда140596
Бір айда10315
Бір аптада2344
Кеше469
Тәулік33
Температура режимі

Қазақстан тарихы билеттер 1 - 2 нұсқа

І Нұсқа

 

1-билет

  1. Адамзат баласының Жер бетінде  пайда болуы жөніндегі көзқарастар.
  2.  1867-1868жж.  «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
  3. 1920-1924 жылдары Қазақ АКСР- інің құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картадан белгілеңіз. Қандай әкімшілік- аймақтардың кіргенін анықтаңыз.

 

2-билет

  1. Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын талдаңыз.
  2. Қарқаралы петициясы және оның тарихи маңызы.
  3. ХVІІІ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер орын алған аумақтарды белгілеңіз және олардың маңызын анықтаңыз.

3-билет

 

  1. Түрік дәуірі .«Түрік» атауы туралы пікірлер.
  2. 1921-1922ж. және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз.
  3. ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер орын алған аумақтарды белгілеңіз және олардың маңызын анықтаңыз.

 

4-билет

 

  1.  Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басқа көтерілістерден айырмашылығы .
  2. 1979ж. Целиноград оқиғасы мен 1986ж. желтоқсан көтерілісін салыстырып, ерекшеліктерін анықтаңдар.
  3. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және  айырмашылықтарды анықтаңыз.

 

 

5-билет

  1. Қаңлы мемлекеті (әкімшілік шекарасы, қоғамдық құрылысы, сыртқы саясаты, мәдениеті.)
  2. 1916жылғы көтерілісті 1929-1931 жылдардағы көтеріліспен салыстырып, ұқсастықтарын анықтаңыз.
  3. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтары және ортағасырлық қалаларды  картадан белгілеңіз.

 

 

6-билет

 

  1. Андрон мәдениеті туралы  мәліметтерді талдаңыз.
  2. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары “Қазақстан – 2030„ және “Қазақстан – 2050„ стратегияларына салыстырыңыз.
  3. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.

 

7-билет

 

  1. Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
  2. «Алаш» партиясы.«Алаш» партиясының бағдарламасындағы басты мәселелер.
  3. Сақтардың құрамына кірген тайпалар және олардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.

 

 

8-билет

  1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері.
  2. Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы.
  3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс болған жерлерді картаға белгілеңіз

9-билет

  1. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси тарихындағы рөлі.
  2. Қазақ АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
  3. Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның  ортақ белгілері мен  айырмашылықтары.

 

10 –билет

  1. Түріктердің рухани мәдениеті (жазба ескерткіштері, діни наным-сенімдері)
  2. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызы.
  3. Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші жүздер)  орналасу аумақтарын картағабелгілеңіз.

 

 

11 –билет

 

  1. Қарлұқ қағанаты.(Территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы деректер).
  2. Ұлы Отан Соғысынан   кейінгі жылдардағы мәдениет, ғылым және  ондағы келеңсіз жағдайлар. Е.Бекмаханов, М.Әуезов, Қ.Сәтпаевтің тағдырларын талдаңыз.
  3. Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығы неде?

 

12–билет

  1. Ғұндардың діни наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптарын, әскери өнері.
  2. Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы  іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.
    1. Аттила мен Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орнына талдау жасаңыз.

 

13–билет

 

  1. Батыс Түрік қағанаты (саяси тарихы, этникалық құрамы, мәдениеті )
  2. «Алаш» және «Түркістан» автономияларының саяси бағыттарының айырмашылықтары.
  3. Қытай саяхатшысы Чжан Цянь мен Шоқан Уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.

 

14- билет

  1. Неолит дәуірі және оның ерекшеліктері.
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігі.
  3. Дамыған орта ғасырлардағы (Х-ХІІІғ. басы) Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.

 

15- билет

  1. Үйсін мемлекеті (шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті)
  2. І және ІІ дүниежүзілік соғыс кезіңіндегі Қазақ халқының жағдайын салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
  3. Ерте орта ғасырлардағы (VІ-ІХғғ.) Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.
  4.  

16- билет

  1. Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
  2. ХХғ. басындағы«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде  көтерілген мәселелер.
  3. ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картағабелгілеңі

 

17- билет

  1. Оғыз мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
    1. Астананың Ақмола қаласына көшірілуінің себептерімен тарихи маңызы.
  2. Қазақстан аумағындағы сақ-сармат дәуірінің археологиялық ескерткіштері және олардан табылған алтын киімді адамдардың обаларын картаға белгілеңіз.

 

18- билет

  1. Ақ Орда (саяси тарихы, мәдениеті, шаруашылығы)
  2. 1993жылғы 1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасы  Конституцияларының негізгі  өзгерістері.
  3. Б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың V ғасыры аралығында өмір сүрген Қазақстан аумағындағы тайпалық бірлестіктердің орналасқан аймақтарын  картаға белгілеңіз.

 

19- билет

  1. Түргеш қағанаты (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
  2. Қазақстандағы экологиялық проблемалардың негізгі себептері.
  3. Аттила мен Шыңғысханныңтарихта алатын орныны.

 

20- билет

  1. VI-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ойшылдарының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін талдаңыз (әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б.)
  2. 1916 ж. көтерілістің алғышарттары, сипаты, көтерілістің негізгі ошақтары және маңызы.
  3. Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға көрсетіңіз.

 

21- билет

  1. Атлах шайқасы және оның тарихи маңызы.
  2. Ресейдегі Қазан төңкерісі және оның Қазақстанға әсері.

3.Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығының (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы) қалыптасқан өңірлерін картаға көрсетіңіз.

 

                                                                       22- билет

  1. Есім ханның  тұсындағы Қазақ хандығы.
  2. 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің нәтижесін   

        салыстырыңыз.

  1. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз

23- билет

 

  1. Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы шаралары.
  2. «Әскери коммунизм» саясаты мен Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатын салыстырыңыз.
  3. Қазақстан аумағындағы ашель кезеңінің тұрақтарын картаға көрсетіңіз.

24- билет

  1. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.
  2. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу, олардың әдістері, қарқыны және зардаптары.
  3. Қазақстан аумағындағы мустье кезеңінің тұрақтарын картаға көрсетіңіз.

 

25-билет

  1. Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.
  2. «Тоқырау» жылдардағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
  3. Қазақстан жерінде құрылған ұлыстардың (Жошы, Шағатай, Үгедей) және аумақтарын  картаға белгілеңіз.

 

 

26-билет

  1. Жетісудың сақ дәуіріндегі археологиялық ескерткіштеріне сипаттама беріңіз.
  2. «ЭКСПО- 2017» көрмесін өткізудің тарихи маңызы.
  3. Ортағасырлық ғұламалар Ж.Баласағұн мен М.Қашқаридің еңбектерінеталдау жасаңыз.

 

 

 

27-билет

  1. Қарахан мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
  2. 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасының» себептерін  және тарихи маңызы.
  3. Сақтардың Шығыс Қазақстан өңіріндегі археологиялық ескерткіштерін картаға белгілеңіз.

 

 

28-билет

 

  1. Қыпшақ мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
  2. Патшалық Ресей және Кеңес империяларының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптары.
  3. Сақ тайпалары: аргиппей, исседон, аримаспылардың алып жатқан аумақтарын картаға белгілеңіз.

 

29-билет

  1. VI-XII ғғ. Қазақстан аумағындағы тайпалардың рухани мәдениеті: (тілі, діні, жазуы)
  2. Қазақстандағы ЖЭС: оның жетістіктері және мерзімінен бұрын аяқталуының себептері мен салдары.
  3. Дешті Қыпшақтың  аумағын картаға  белгілеңіз.

 

30-билет

  1. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі.
  2. Жоспарлы экономика мен нарықтық экономика арасындағы ерекшеліктер.
  3. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағын картаға белгілеңіз.

ІІ Нұсқа

1-билет

 

  1. Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.
  2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
  3. Қарахан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

 

2-билет

 

  1. Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.
  2. Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды талдаңыз.
  3. 1920 жылдардан бастап Қазақстанның астаналары болған қалаларды карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықтаңыз.

 

 

3-билет

      1. Алғашқы орта ғасырдағы Түрік қағанатын құрылуы мен саяси жағдайы.

2. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ережесінің» қабылдануы, оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.

      3.Ақ Орда мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

 

4-билет

 

  1. Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы , мәдениеті )
  2. «Үш жүз» бен «Алаш» партиясын салыстырыңдар. Сипаты, алдына қойған мақсатында қандай айырмашылықтар болды?
  3. Ноғай Ордасының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

5-билет

 

  1. Түркеш қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы , мәдениеті )
  2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи маңызы.
  3. Әбілқайыр хандығы (Өзбек хандығы) аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

6-билет

 

  1. Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы)
  2. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.
  3. Моғолстан мемлекетінің  аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

7-билет

 

  1. Үйсіндер тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
  2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.
  3. ХVІ- ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының астаналарын  карта бойынша көрсетіңіз.

 

8-билет

  1. Қаңлылар тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
  2. Қазақстан  ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
  3. Монғол шапқыншылығына қарсы күрескен қалаларды (Отырар, Сығанақ, Ашнас ) карта бойынша көрсетіңіз.

 

9-билет

  1. Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық – мәдени өміріндегі өзгерістер.
    1. Ж.Нұрмұхамедұлы мен Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңдар.
    2. Қарақытай мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

 

 

10-билет

  1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс(мақсаты, кезеңдері және сипаты)
    1. Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.
  2. Сармат тайпаларының қоныстанған аумағын карта бойынша көрсетіңі

 

11-билет

  1. Қазақ хандығының құрылуына байланыстыжазылған  ортағасырлық деректерді талдаңыз.
  2. Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы және оның «Кіші Қазан» идеясы.
  3. Энеолит дәуірінің қоныстарын (Ботай, Шебір) карта бойынша көрсетіңіз.

 

 

12-билет

  1. Қазақ хандығындағы билердің рөлімен атқарған қызметінежан- жақты баға беріңіз.
  2. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны, нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз.
  3. Оғыз мемлекетінің аумағын  карта бойынша белгілеңіз.

 

 

13-билет

 

  1. «Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.
  2. Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз.
  3. Қарлұқ  мемлекетінің аумағын  карта бойынша белгілеңіз.

 

14-билет

  1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті мен Андрон мәдениетінің ерекшеліктерін салыстырыңыз.

2.1920-1930 жж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.

3.Түркеш  қағанатының  аумағын  карта бойынша белгілеңіз.

 

 

15-билет

  1. «Протекторат»,«геосаясат»,«экспансия»,«еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.
  2. 1867 ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
  3. 1929-1931 жж. Қазақстанда ұжымдастыру саясатына қарсы қарулы қақтығыс орын алған аудандарды  карта бойынша белгілеңіз.

 

 

16-билет

  1. Сақтардың мәдениеті, діни нанымдары мен әдет-ғұрыптары туралытүсінік беріңіз.
  2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз.
  3. 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықжәне оның құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз.

 

17-билет

  1. Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігін ашып көрсетіңіз.
  3. Қазақстан Республикасындағы14облысты карта бойынша көрсетіңіз.

 

18-билет

  1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі.
  2. Бөкей хандығының құрылуы (экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы)
  3. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар орналасқанқалаларды карта бойынша көрсетіңіз.

19-билет

  1. ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ халқының материалдық мәдениеті (киім-кешегі, ұлттық тағамдары)
  2. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның зардаптары.
  3. 1930 жылдары Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді  карта бойынша көрсетің

20-билет

  1. Қазақ халқының мәдениеті (музыкалық аспаптары)
  2. Кіші жүз қазақтарының Е.И.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызын анықтаңыз.
  3. Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талдаңы

 

21-билет

  1. Қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
  2. Тәуелсіз Қазақстанның мәдени өміріндегі негізгі өзгерістерді талдаңыз.
  3. 1950-1960 жж. Шыңжаңмен сауда жасауда маңызды рөл атқарған Қазақстан қалаларын карта бойынша көрсетіңіз және оның маңызын анықтаңыз.

22-билет

  1. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек
  2. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта алатын орны мен 

қызметін талдаңыз.

  1.  «Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқастары болған өңірлерді карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықтаңыз.

 

23-билет

  1. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтарының зардаптары.
    1. КСРО-ның ыдырауына әсер еткен негізгі себептерді атаңыз және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жариялауының тарихи маңызын  анықтаңыз.
  2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасымен шектесетін мемлекеттерді карта бойынша көрсетіңіз.

 

 

24-билет

  1. Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістерді анықтаңыз.
    1. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз.
  2.  Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстарды карта бойынша көрсеті

 

25-билет

  1. Үйсіндер жайлы жазба деректер
  2. Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
  3. Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

 

26-билет

  1. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі жайлы баяндаңыз.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясы және оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға талдау жасаңыз.
  3. Батыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

 

27-билет

  1. Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эволюциясы мен дамуын сипаттап беріңіз.
  2. «Жылымық» жылдарындағы қоғамдық-саяси және мәдени өмірге талдау жасаңыз.
  3. Шығыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

 

28-билет

  1. Ерте ортағасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама беріңіз.
  2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын талдаңыз. 
  3. Қарақытай мемлекетінің орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

29-билет

  1. Кейінгі ортағасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама беріңіз.
  2. 1960 ж. ортасындағы экономикалық реформалар және олардың нәтижесіз аяқталуының себептерін талдаңыз.
  3. Шағатай ұлысының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

30-билет

1. Дамыған ортағасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама беріңіз.

2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жасаңыз.

3.Жошы ұлысының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

 

Ақпараттар