e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда142212
Бір айда13828
Бір аптада3518
Кеше631
Тәулік38
Температура режимі

"Ер есімі - Ел есінде"

Машиев Оспан

1925 жылы 26 наурыз күні дүниеге келген. 1942 жылы қараша айында соғысқа шақырылды. Павлодар облысында 20-шы карантинде болды, Павлодардан Новосибирск қаласына кетті. Одан әрі Монғолия шекарасына жіберілді. Сол жерде 1942 жылдан 1948 жылға дейін болды. Жапонияның Мерген қаласында соғысқан. 80 полк, 57 дивизиясында 40 күн Жапон соғысында болды.

Марапатталған медальдары:

1.     Медаль за отвагу 1946 г;

2.     Орден за храбрость, стойкость и мужество и в ознаменование 40 – летию победы советского народа в ВОВ 1941 – 1945 г.г;

3.     Орден за победу над Японией;

4.     Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалі;

5.     30 лет победы ВОВ 1941 – 1945 г.г;

6.     ҰОС жеңісінің 50 жылдығы мерекелік медалі;

7.     Жеңістің  55 жылдығы белгісі;

8.     60 лет Вооруженых сил СССР;

9.     70 лет Вооруженых сил СССР.

  

Марқа Мақауов

Марқа Жанайұлы Мақауов соғыстың басынан бастап артиллериялық топ жауінгері боды. Оқу – жаттығу күндері ұзаққа созылғандықтан Марқа Жанайұлы әскери жаттығулармен көбірек айналысып, зеңбіректі нысанға дәл бағыттауды тез үйреніп, зеңбірек тобы жауынгерлерінің қандай міндеті болса да мүдірмей орындайтын болды. Бірақ та талғампаз жауынгердің тез арада зеңбірек оғын бағыттаушысы болғысы келді. Өйткені бағыттаушы – артиллериялық топтың негізі болды. Оның үміті ақталып, қысқа уақыт ішінде жас Марқа бағыттаушы болды. Смоленск түбінде шайқаста батыл бағыттаушы алғашқы наградасы – «Ерлік үшін» медалін алды. Сол шайқастан кейін Марқа Жанайұлы зеңбірек тобының командирі болып бекітілді. Кеңес әскерлері жауға бас көтертпестен соққы бере отырып, екпіндеп алға жылжыды. Күні – түні кескілескен ұрыстар жүріп, сол ұрыстарда зеңбірек тобының сержанты М.Мақауов белсенділік көрсетті. Әсіресе Балтық жағалауы елдеріне аса ірі соғыс қимылдары жүрді. Литва елінің Шяуляй қаласы маңыңда немістер 40 танктің көмегімен қарсы шабуылға шықты. Сержант М.Мақауотың зеңбірегіне жаудың 5 бірдей танкісі төніп келген. Фашистік белгілері салынған аса ірі темір құбыжықтары жақын қашықтықтан от шашып, батарея нысанасына өте жақын келіп, осы уақытты күтіп отырған Марқа Жанайұлы ерлік пен табандылық танытты. Ол жау танкілерін өте жақын жіберіп, дәлдеп атқан зеңбірек снарядтарымен екі танкіні қара түтіннің астына алып, істен шығарды. Түтінге оранған қалған танкілер жалма – жан артқа бұрылып, кері қашты. Танктер шабуылымен сәтсіздікке ұшыраған жендеттер М.Мақауовтың зеңбірегі снарядтармен, миналармен жаудыра бастады. Бірақ та мұндай атқылауға қарамастан сержанттың зеңбірегі жау шебі шегінгенше орыннан қозғалмай, қарсы атқылаумен болды. 1944 жылдың көктемінде бірінші Балтика жағалауы майданының құрамында артиллериялық полк Висла жағалауына шықты. Ер жүрек Марқа Жанайұлы Кенигсберг қаласы үшін қала көшелерінде өткізілген ұрыстардың бірінде денесіне ауыр жарақат алған. Кейініректен өзінің көрсеткен ерліктеріне «Қызыл жұлдыз» және 2 «Даңқ» ордендерімен марапатталды. Соғыстан соң «1 дәрежелі Даңқ» ордені де батырын іздеп тапты. Өкінішке орай шенеунік мырзаларымыз аты – жөнінде жіберілген бір ғана қатеге бола табыс етуден бас тартқан. Осындай келеңсіздік салдарынан жерлесіміз «Даңқ» орденінің кавалері мәртебесіне көзі тірісінде қол жеткізе алмай, өмірден өтті. Соғыс кезеңінде госпитальдан емделіп шыққан соң Жапонияға жіберіліп, майданнан Отанына 1951 жылы оралып, бейбіт кезеңдегі еңбекке араласқан.

Марапатталған медальдары:

Дүйсекенов Қайыргелді

Қайыргелді ағай 1913 жылы бұрынғы жылдары 10 ҚазКСР-іне қарасты Ахмет ауылында дүниеге келген.1942 жылға дейін Ертіс ауданында құрылған үш совхоздың бірі – онжылдықта мал шаруашылығы саласында еңбек еткен. 1942 жылдың қаңтарында әскер қатарына шақырылып, Ленинград майданына жіберілді. 6 ай соғыстан соң жараланып, 1 айдай емделіп, қайтадан майданға аттанды. Революция бесігі болып саналатын Ленинград қаласы үшін кескіленген ұрыстардың бірінде қатты жараланып, қасындағылар өлдіге санап, жертөле ішіне тастап кетеді. Есін жиса өлгендер ішінде жатса керек, соңғы күш-қайратын жиып, жертөледен шығып, осы маңда байланыс жасап жүрген жауынгерлерге тап болып ажал тырнағынан аман қалады.1943 жылдың мамырында 2 топтағы мүгедек деп танылып, елге қайтарылады. Жұбайы Күләш екеуі өмірге 2 ұл, 3 қыз әкеліп, көзінің тірісінде бәрін қанағаттандырып кетті. Өзі 1987 жылы, жұбайы 2008 жылы өмірден озды.

 

 

Мушанов Қамелиден ақсақал 1914 жылы Ертіс ауданы Кеңес ауылында дүниеге келген. Әкесі Мушан ескіше де (арабша), жаңаша да сауаты бар, өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азамат бол,ан. Содан болар, балаларына білім әперуде мақсат етіп, жаңа заманының білімді, бірегей азаматы болуын армандаса керек. 1939 жылдың 5-қазанында Саратов авиациялық училищесінің курсанты болып қабылданады. 1941 жылы соғыс басталғанда, оқу орнын бітірген 27 жастағы жас ұтқышты майданға жәбермей, жастарды үйретуге оқу орнында қалдырған екен. Қамалиден ақсақал рапорттан, рапорт жаза отырып, 1942 жылдың сәуір айында майданға аттанады. Бұл кезең неміс әскерлерінің Сталинградқа өошелене  ұмтылған кезең еді. Мақсаттар, Кеңестер Одағын оңтүстік Кавказдың мұнайынан кесіп тастау. Сталинград майданының аспанында, жау төбесінде жасындай жарқылдаған кеңес ұшақтарының ішінде кіші лейтенант Қ.Мушановтың ИЛ-2 бомбалаушы ұшағы да юолды. Толассыз атылған жау зениткаларының оғына, жаудың бомбалаушы ұшақты жоятын үздіксіз шабуылдарына қарамастан Қамалиден ақсақалдың ұшағы, талай жау бекіністерін, қорғаныс шебін, ату нүктелерін жойды. Сөйтіп, өзі алғаш кірген 36767-ші авиаполктың сапында Сталинград соғысы толық аяқталғанша қатысты. Осы үшін «Сталинградты қорғағаны» үшін және «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Сталинград майданынан кейін 36767-ші авиаполк  санында гвардия аға лейтенанты Қамалиден ақсақал Украина жерін жаудан азат етті. Қ.Мушановтың ИЛ-2 бомбалаушы ұшағы Киев, Львов, Одесса аспанында жауға қырандай шүйіліп, көптеген тарихта аты  қалған кеңес әскерлерінің шабуылдарына қатысып, Ұлы Жеңістің жақындауына елеулі ерлігін қосты. 1945 жылы Кенигсберг үшін болған шайқаста, жау бекіністерін бомбалау кезінде, жау ұшақтарының шабуылына ұшырайды. Лаулап жанған ұшақтан парашютпен секіріп аман қалған. 1945 жылдың мамырында әскерден оралып, Ғазиза апамызбен отау құрды.Ынтымағы жарасқан жанұя өмірге жеті бала әкелді. 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығында Қамалиден ақсақал өзі соғысқан жерлерін аралап қайтты. 1976 жылдың 12-сәуірінде дүние салды.Жалпы ұлы Жеңіске сүбелі үлес қосқан Кеңестен ұшқан қыран Қамалиден ақсақал ел есінде, жұрт есінде.

 

Әйтібаев Әкімбек Әйтібайұлы

1919 жылы 1 қаңтарда дүниеге келді. Павлодар облысы, Кеңес колхозында кедей жанұясында туып өскен. 1929 жылы Кеңес бастауыш мектебіне түсіп, оны 1931 жылы бітірген. Одан кейін Иса Байзақов атындағы совхоздың М.Горький орта мектебінде оқуын жалғастырды. Жеті жылдық біліммен бұл мектепті 1935 жылы бітіріп шығады. 1936 жылы аудандық оқу бөліміне мұғалім болып жұмысқа орналасады. 1939 жылы аудандық әскери комиссариатқа шақырылып, 10 қазанда Совет Әскері қатарына алынады. 1939 жылдың 29 қарашасынан 1940 жылдың наурызына дейін Фин соғысына қатысады. Бұл соғыста бірнеше рет жарақат алады. Ал Ұлы Отан соғысы басталғанда қатардағы жауынгер ретінде 73 – Батыс атқыштар полкының 35-ші бригадасында болған. 1942 жылдың 3-наурызында Фрунзе қаласындағы 6 айлық командирлер дайындығынан өтіп, осы жылы 118 – Батыс атқыштар полкының атқыштар взводына командир болады. Ал, 1944 жылдың 4-сәуірінен Мәскеу әскери округінде 280 атқыштар ротасының командирі. Ұлы Отан соғысы кезінде Әкімбек Әйтібайұлы 3 рет қатты жараланады. Ерліктері үшін Варшаваны азат етуде Қызыл Жұлдыз орденімен, Берлинді азат етуде І-ІІ-ІІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен және 8 медальмен марапатталған. Жеңіс күнін аман-есен қарсы алып, 1946 жылы 2 сәуірде туған жеріне қайтып оралады. Октябрь орталау мектебінде 1946-1984 жылдарда оқушыларға білім беріп, білім саласына өзіндік үлесін қосты.

 

Сафқан Жұмықұлы Молдақасов

1942 жылдың 4 қарашасында Ертіс әскери комиссариатының шақыруымен Кеңестер әскері қатарына алынып, әскери Қиыр Шығыс, Тынық мұхиты флотында шекараны, шекара ішілік порттарды күзеткен. Тынық мұхиты флотының кемелері күндіз – түні майдан үшін азық-түлік, әскери киім – кешек, қару-жарақ тасымалдаған. Жүкті тек Кеңестер Одағында ғана емес, Англиядан және Америкадан әкеліп отырған. Теңіз флотында соғыстың соңына дейін қызмет етіп, Сафқан Жұмықұлы 19454 жылдың тамыз айынан қыркүйек айы бойы жапондықтармен соғыста арнайы жасақталған 99-шы жасақта бөлімше командирі қызметін атқарды. Старшина әскери шенімен 1946 жылдың желтоқсан айында еліне оралып, еңбекке араласты.

  

 

 

 

Ақпараттар