e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Құрметті ата-аналар мен түлектер! Мектеп бітіру кешін қай жерде өткізгенді қалайсыздар?
Аудандық орталық аланында - 47
Аудандық Мәдениет үйінде - 8
Мектепте - 8
Всего проголосовало: 63
Бір жылда150990
Бір айда12485
Бір аптада1322
Кеше268
Тәулік3
Температура режимі

Алдыңғы толқын ұстаздар

Шарипова Гүлжамал

Туған жылы: 01. 02. 1950

Еңбек өтілімі – 42 жыл

1970 жылдан бастап №2 Ертіс қазақорта мектебінде ұстаздықетіп келеді. Павлодар Мемлекеттік педагогикалықинститутыныңфизика - математика факультетін математика мамандығы бойынша бітірді.

1974 – 1985 ж. Оқу ісініңмеңгерушісі болды.

Санаты:  Жоғары дәрежелі информатика пәні мұғалімі.

Марапаттар:

1985ж - ҚССР Оқу министрінің№150 бұйр.  «Аға - мұғалім» атағы берілді;

1988ж - Аудандық  алғашқы «Жыл мұғалімі» сайысыныңжеңімпазы;

1993ж «ҚР Білім Беру ісініңүздігі» белгісі;

1998ж - Облыстықбілім департаментініңмақтау қағазы;

2001 жылы – ОМБАИ өткізген «Информатика пәнін қолданбалы программалармен қамтамасыз ету» облыстықбайқау сайысында 2 орын алды;

2006ж - Облыс әкімінің «Алғыс хаты»;

2007ж  - ҚР ғалымдары мен педагогтарының«ҚазақБілім Академиясы» қоғамдықбірлестігі төралқасы шешімімен «Жаңашыл - педагог» атағы берілді.;

2008ж - ОМБАИ өткізген «Информатика пәнін қолданбалы программалармен қамтамасыз ету» облыстықбайқау сайысында 7 – ші сыныпқа арналған электрондықоқулық жасап, «Әдіскер-педагог» номинациясын иеленді;

2008ж ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды;

2010ж - Облыстық ңүздік ACTIVSTUDIOпрезентациясы» байқау-сайысында 2-орын алды;

2011ж  - ОблыстықМаслихаттыңГрамотасы;

2011ж - ҚР Білім және Ғылым министрінің Мақтау Грамотасымен марапатталды;

2013ж "Павлодар облысына 75 жыл" юбилейлік медалімен марапатталды.

  • Облыстықбілім департаменті дайындап, басып шығарған“Сердце отданное детям”атты облыстыңбілім беру саласындағы озықұстаздар туралы кітапқа есімі енгізілді;
  • Соңғы жылдары В. Монахов құрған оқытудыңпедагогикалықтехнологиясын негізге ала отырып, жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға бағытталған түрде оқыту» бойынша тәжірибе жинақтап, ізденіс үстінде.
  • «Ғылыми жобалар» жазуға оқушыларды тарту жөнінде облыстықғылыми – практикалықконференциясында өз іс-тәжірибесі бойынша баяндама жасады.
  • Мектептіңмұғалімдерініңшығармашылықтобыныңжетекшісі.
  • 2-6 сыныптарға арналған “Ақпарат негіздері” пәні бағдарламасыныңавторы. Аудан мұғалімдері осы бағдарламаны пайдалануда.

 

Оқушылардыңғылыми - зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді:

 

2004 жыл  Сәрсенбаев Медет – Әйгілі аудан - Ертісім” атты электрондық нұсқасы үшін ауданаралықғылыми жобалар сайысыныңжеңімпазы атанды.

2004 жыл  Жұмажанов Асқар – облыстықғылыми жобалар сайысында "ЭлектрондықСайлау" программалық  пакеті үшін  “Жас ғалым”  номинциясыныңиегері атанды.

2005 жыл  ОПМБАИ өткізген «Әртүрлі пәндерді оқытуда жаңа технологияларды енгізу» атты облыстық байқау сайысында Жұмажанов Асқар жасаған орыс тілі пәні бойынша  “Электрондықоқулық”  2-орын алды.

 2006 жыл  Сәрсенбаев Мират - Халықаралық VI– шы Сәтбаев ғылыми оқуларында “Компьютер және оқушы денсаулығы” атты ғылыми жобасы үшін 2 –ші орын алды.

2007 жыл  Зейнешев Елнұр мен Жұмұқов Асылмұрат Ғалам – ортақ үйіміз” сайты ауылдықмектептер ішіндегі “Еңүздік ғылыми жоба” номинациясына ие болды.

2009 жыл Қабыкен Мағжанның “Виртуальды мектеп мұражайы” жобасы “Еңүздік облыс үшін маңызды жоба” номинациясымен марапатталды.

2010 жыл    Камалова Мөлдір мен Сәрсембаева Айдананың"Ғаламторда тұлғаныңәлеуметтік – психологиялық  виртуалды бейнесі"  атты ғылыми жобасы үшін Халықаралық  Х– шы Сәтбаев ғылыми оқуларында  Мақтау грамотасымен  марапатталды.

2010-2011 жыл     Қабыкен Данара аудандықпән олимпиадасыныңинформатикадан жеңімпазы.

 

Ауталипов Нұрболат Қабыкенұлы  

№2 Ертіс қазақ жалпы орта білім беру мектебінің ардагер ұстазы

Туған жылы:  1950 жылы 26 желтоқсан

Білімі: жоғары

Санаты: бірінші

Еңбек өтілі: 37 жыл

1957 – 1967 жылдары №2 Ертіс қазақ орта мектебінде білім алды. 1967 – 1971 жылдары Ертіс механикаландырылған жөндеу зауытында токарь болып жұмыс істеді.

1971 – 1975 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтының математика факультетінде, математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алды.

1975 -1980 жылдары №2 Ертіс қазақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі

1980 – 1988 жылдары Ертіс аудандық білім бөлімінде инспектор

1988 – 1992 жылдары №2 Ертіс қазақорта мектебінде директор

1992 – 1995 жылдары аудан әкімшілігінде «Тілдер» бөлімініңмеңгерушісі

1995 – 2001 жылдары №2 Ертіс қазақорта мектебінде математика пәнініңмұғалімі

2002 – 2003 жылдары Ертіс ауданының білім бөлімінің бастығы, 2003 жылдан бері №2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінде директор қызметін атқарады.

Марапаттар:

1984ж – Қазақ ССР-нің білім министрлігінің грамотасы.

1987ж – СССР білім министрлігінің Құрмет грамотасы.

2006ж – Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.

2010ж – Ертіс аудандық маслихатының Құрмет грамотасы.

2011ж – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2013 ж -"Павлодар облысына 75 жыл" юбилейлік медалімен марапатталды.

Ламашарипов Қайырбек  Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында бір мектептен жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздар майданға аттанды. Алғашқы қиян-кескі ұрыстардың алғы шебінде Қ. Ламашарипов  секілді ұстаздар жүрді.Москва түбіндегі шайқаста қатардағы жауынгер болып қатысқан ол Жеңіс күнін капитан, батарея командирі болып қарсы алған еді."Ұлы Отан соғысы", "Қызыл жұлдыз" родендері мен көптеген медальдармен наградталды. Соғыстан кейін өз мектебіне қайта оралып, ұстаздық қызметін жалғастырып талай ұрпаққа білін нәрін сепкен ұлағатты ұстаз атанды. Ол "Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі" төсбелгісімен наградталды

 

 

 

 

Орынбаева Сәру ұстаздық еңбек жолын 7 - ші класты тамамдаған соң, Железинка ауданында Еңбекші мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ беруден бастаған. 1952 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін 28 жыл №2 Ертіс қазақ орта мектебінде қызмет етті.

 

 

 

 

Бейсекенова (Балташева) Гүлжан Шұғайыпқызы 1935 жылы Қашыр ауданы Октябрь ауылында дүниеге келді.  №2 Ертіс қазақ орта мектебін бітірді. Семейдің Н. К. Крупская атындағы педагогикалық институтының биология-химия факультетін тамамдады. Еңбек жолын 1954 жылы бастады. Ертіс қазақ мектебінде 1963 жылдан химия пәнінің мұғалімі, кәсіподақ ұйымының төрайымы болып зейнеткерлікке шыққанша қажымай, талмай ұстаздықтың ауыр да ардақты жүгін арқалады. Оқушыларды ғылыми эксперименттер жүргізуге баулып, республикалық олимпиадаларға қатыстырғаны үшін ҚазССР Білім министрлігінің Д. Менделеев сыйлығының иегері атанып, «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Ол кісі кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген шәкірттерін мақтан тұтады: Лама – Шариф Қайрат – ҚР Мысыр еліндегі төтенше елшісі болған қазір ҚР Дін істері Агенттігінің төрағасы, көптеген кітаптардың авторы, Қаржасов Ғалым - республикамызға танымал суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Президентінің стипендиясының иегері.

 

 

 

 

Халиуллин Мұхаметқали Халиоллаұлы 30 жылдай осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, талай талапты, дарынды шәкірттерді өмір жолына аттандырды. Оған мысал: Республикаға танымал шәкірттері қаншама, атап айтсақ:  Балтабай Ғалия – көп жылдар облыстық «Павлодартелерадио» мемлекеттік компаниясының төрайымы болды, Сәкіжанов Әскербек -  мүсінші, доцент, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Жұматов Ғалымбек – облыстық «Сарыарқа самалы» газеті редакторының орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, Аманбаев Болат – тележурналист, «Қазақстан» ұлттық каналының меншікті тілшісі, облыстық «Дидар» ақпараттық –сараптама бағдарламасының редакторы. Еңбектегі жетістіктері үшін «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған, жазба айтыс пен термелерді шебер орындап, талай облыстық, республикалық додаларға қатысқаны үшін «Жырау» атағына ие болған еді.

 

 

 

 

Рахметова(Байболова) Дәмеш Қырықбайқызы мектебімізде 30 жылдай орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Білімді ұстаздың шәкірттері де дарынды демекші өз пәні бойынша 4 – дүркін оқушылары Республикалық пән олимпиадаларына қатысып жүлделі орындарға ие болған еді. Дәмеш Қырықбайқызының  облыстағы қазақ мектептерінің директорларының облыстық семинарында берген ашық сабақтары жоғары бағаланды. Еңбегі еленіп, 1986 жылы Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілді. Республикалық мұғалімдер съезінің делегаты болды.

Ардагерлер