e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда148345
Бір айда3787
Бір аптада1002
Кеше210
Тәулік46
Температура режимі

Мектеп шежіресі

«ЖАСАЙ БЕРМЕК ҰСТАЗДАР  САЛҒАН САРА ЖОЛ»

 

        Елбасымыз 2003 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды тапсырған екен. Еліміздің мәдени мұрасы – орны толмас құнды рухани, мәдени, қазына екендігін, осы арқылы ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің, Отанға деген патриоттық құндылықтардың, сезімдердің толыққанды дамитыны атап көрсетілді.

 

       Мектеп те  мемлекетіміздің болашағы, оның азаматтарына алғашқы тәрбие орны болғандықтан “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы бізге де тікелей қатысты. Мектебімізге биыл 80 жыл болады, мектептің тарихы болашақ келер ұрпаққа үлгі, өнеге болмақ.  Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында қазіргі уақыт талабына сай жас ұрпақты  отансүйгіштікке, аға ұрпақтың жарқын үлгісінде ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеуді кезек күттірмейтін міндет деп атап көрсетті.

        Мектеп  - ел ертеңін біліммен қаруландыратын, тәрбие беретін алтын бесік. Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарын дұрыс  қалыптастыруда мектеп негізгі  міндет атқарады. Өйткені, білім ұясы шәкірттердің жан - жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайды.

 

           «Осы күнде істеп жүрген ісіміз, жұмы­сымыз, мінез - құлқымыз тарих болып қалады. Кейінгілерге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс аламыз ба? Тарих - түзу жолды үйретуші. Тарих - түзушіліктің кі­табы. Тарих - тіршіліктің көшбасшысы», - деген екен Әлихан Бөкейханов.

           “Ел болам десең, бесігіңді түзе”,- деген Мұхтар Әуезовтың ұлағатты сөзін ескерсек, өз туған жеріміздің, мектебіміздің тарихын біліп өскен ұрпақ еліміздің білімді, салауатты, адамгершілігі мол азаматы болары сөзсіз.              Қазіргі уақыт талабына сай оқушыларды аға ұрпақтың жарқын үлгісінде патриоттық сезімге тәрбиелеу жолдары, өткенімізді бағалау ең бірінші маңызды мәселе.                                 

          Халықта «өмір-өзен» деген қанатты сөз бар. Бұл дұрыс айтылған сөз, әділ теңеу. Егер өмірді суы мол, арнасы кең өзенмен теңейтін болсақ, онда әрбір адам сол өзен суының бір – бір тамшысы ғана.

 

 

         Сол өмір - өзеннің бір тамшысындай адамдардың ортасында «Мен» деген неше қолының мәскері бар, ағаш пен темірден түйін түйген зергерлер, неше үкімет басшылары да білімнің ордасы атанған мектептен шығатыны бәрімізге аян. ”Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді, рух үшін оны біздің ұстаздарымыз әзірлейді”,- деген  сөз бар. Сол дарияның бір-бір саласы бола білген түлектердің өз ұстаздары туралы ойлары мұғалімге деген құрмет, ұстазға қойған ескерткіш  емес пе!.

             Ертіс ауданындағы білімнің қара шаңырағы атанған №2 қазақ орта мектебінің іргетасы қаланғанына  2012 жылы 80 жыл толады. Сексен жыл - бейнелеп айтқанда, тұтас бір ұрпақ өкілінің ғұмыры. Мектеп тарихына назар аударсақ, бүкіл аудан өмірі еске түседі. Өйткені осы бір білім ордасынан білім алған азаматтардың барлығы өмірден бақытын тауып, нұрлы болашақтың кірпішін қаласып жүр.