e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда114751
Бір айда11701
Бір аптада1993
Кеше401
Тәулік12
Температура режимі
Кузьменкова Валентина Антоновна

Кузьменкова Валентина Антоновна 1938 жылдың  31қаңтарында Ленинград қаласының Куйбышев ауданында дүниеге келген.

Қазақстанға 1942 жылы Көкшетау облысына келді. Келлеров ауданының Глубокое ауылының жеті жылдық мектебінен кейін Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл пед.училищесіне оқуға түсті.

1958 жылы  педучилищені үздік бітіріп солтүстік Қазақстан облысындағы Пахар бастауыш мектебіне меңгеруші ретінде жолданған. Отбасылық жағдайлармен 1962 жылы Ертіске келді. Осында педагогикалық қызметін жалғастырды: алғашқыда аудан орталығындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі ретінде – 1 жыл, №8 Ертіс сегізжылдық мектебінде, №3 Ертіс орта мектебінде 1969 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімінен мектеп директорына дейін жұмыс атқарды. 1972 жылы сырттай Павлодар пед.институтының филология факультетін бітірді.

1994 жылы демалысқа шықты. Өмір бойы қоғамдық жұмыстармен айналысты. Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіне, содан соң орыс тілі және әдебиет мұғалімдерінің аудан бірлестігіне жетекшілік етті, аудандық әдістемелік кеңесінің мүшесі, халық білім бөлімінің штаттан тыс инспекторы еңбекшілер депутатының қалалық кеңесінің депутаты.

2002 жылдан бері зейнеткер бола тұра Ертіс ауданының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық жұмыстары келесі марапаттаулармен белгіленді: «КСРО халық ағартуының үздігі»  (1972 ж), «Еңбек ардагері» (1984ж), «Мұғалім әдіскер», көптеген грамоталар мен алғыс хаттар республикалық «Әйел басқарған үздік кәсіпорын» сайысының қатысушы дипломы (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері бойынша ұлттық комиссиясының марапаттауы – 2005 жыл).

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты (2007 ж), мерейлі белгі «Қазақстан Конституциясына 10 жыл (2005ж.). Басқару және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің Құрмет грамотасы (2008 ж), Павлодар облысы әкімінің алғыс хаты (2007 ж.), Облыс әкімінің құрмет грамотасы (2010 ж.) Ертіс аудандық мәслихатымен Ертіс ауданының құрметті азаматы атағы 2008 жылы  берілді.

2010  жылы Павлодар облыстық кеңесімен ардагерлер кеңесінің құрметті төрағасы» атағы берілді.