Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда103613
Бір айда9092
Бір аптада1985
Кеше184
Тәулік10
Температура режимі
Ертіс ауданының білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (одан әрі – Қағидалар) 5-тармағын орындау мақсатында Ертіс ауданыныңқосымша білім беруұйымдарында, мектепке дейінгіұйымдарында қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
          Қамқоршылық кеңестің құрамы қамқоршылық кеңес өкілдігіне үміткердің жазылған келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.
          Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс беруші және әлеуметтік серіктестер өкілдері; коммерциялық емес ұйым өкілдері (бар болса); аталған білім беру мекемесінде бір сыныптар, курстар параллелінде білім алатын оқушының ата-аналар комитетімен ұсынылған ата-ана немесе заңды өкіл; қайырымдылық көрсетушілер (бар болса) енеді.

          Жоғарыда баяндалғандар негізінде қамқоршылық кеңес құрамына ену үшін тиісті білім беру ұйымына төменде берілген байланыс мәліметтері бойынша жүгіну қажет. Қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 1 сәуірденбастап 30 сәуіргедейін.

                                          

Ұйымдар

Байланыс телефондар

1

«Балалар өнер мектебі» КМКК

2-20-98

2

КММ «Балалар шығармашылығы және бос уақыт орталығы»

2-34-45

3

«Ертіс ауылының бөбек жай-бақшасы» МККК

2-12-86

4

«Жұлдыз бөбек жай-бақшасы» МККК

27-2-67