e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда142358
Бір айда14142
Бір аптада2698
Кеше510
Тәулік113
Температура режимі
"AQYL" білім беру депозиті

Толық ақпарат

«AQYL» білім беру жинақтау салымдары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында құрылған. Бұл – Қазақстан азаматтарына жеке білім алуына және балаларының білім алуына ақшалай қаражат жинауға мүмкіндік беретін бірегей білім беру депозиті. «AQYL» білім беру салымдары – Сіздің болашаққа деген сеніміңізді арттыратын тиімді қаржы салымы, бұл дегеніміз – 100% мемлекеттік сақтандыру және Қазақстанның әрбір азаматы үшін қолжетімділік.

«AQYL» депозитінің артықшылықтары:

·       Басты артықшылығы – 10,5%-ға дейінгі банк сыйақысымен қатар, салымдарға мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – жылдық 5%, ал халықтың басымдықты санаты үшін – 7%.

·      Бұл салым Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен 10 000 000 теңгеге дейінгі мөлшерде сақтандырылған.

·      Мемлекеттің сыйлықақысына салық салынбайды.

·      Депозит заңнама тұрғысында тыйым салудан және үшінші тараптардың өзге шектеулерінен қорғалған.

Грантқа оқуға түскенжағдайда салымшы келесілерді жасауға құқылы болады:

1. Қаражат жинауды жалғастыру;

2. Қаражатты Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның білім беру салымына аудару;

3. Білім берудің басқа деңгейлерін (магистратура) төлеу үшін пайдалану;

4. Банк сыйақысымен және мемлекеттің сыйлықақысымен бірге бүкіл қаражатты алу.